ә) Еңбек (жалақы) бойынша шығындар.
Еңбегіне қарай жалақы төлеу саясаты шаруашылық субъектісін басқарудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Еңбек ақы–күрделілігімен мөлшері және сомасына қарай адам қызметіне төленетін табыс.
Сонымен жалақы - өндірісте өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу ) мекеменің ( субъектінің ) бухгалтерлік есепке алу системасында ең маңызды орын алады.
Еңбек пен жалақыны есепке алудың басты мақсаты еңбек шығындарымен оған төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады. Өндірісте өнімді өндіру мен оның сапасын жақсатру, өндірістегі еңбек өнімділігін арттырады, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға, еңбек тәртібін жақсартуға мүмкіншілік береді. Еңбек ақы төлеу ( жалақы ) өнімінің өздік құнын құрайтын басты элементі болып табылады. Оны дұрыс есептеуді іске асыру өнімнің өздік құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады.
Еңбек үлесі мен еңбегіне қарай ақы төлеуге қадағалап отыру үшін шоттардың бас жоспарында ‘‘ Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шоты қарастырылған. Балансқа қатысты бұл шот ‘‘ пассивті ‘‘ шот. Бұл мекеменің ( субъектінің ) жұмыскерлері мен қызметкерлері алдында еңбек ақы (жалақы ) бойынша міндеттеменің пайда болғандығын көрсетеді.
Сондықтан міндеттеменің барлық сомасы пассив шотының кредиті бойынша ‘‘ Қызмет көлеміне жалақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шотында көрсетіледі ( жазылады ). Осы кезде өндіріс шығыны мен басқару шығындары көбейеді.
Сонда еңбек ақыны төлеуге жұмсалған шығын, шығындар көрсетілетін шоттың дебетінде ‘‘ Негізгі өндіріс ‘‘ пен ‘‘ А ‘‘ өнімі мен ‘‘ Б ‘‘ өнімдерінің талдау шоттарының дебетінде көрсетіледі. Қызмет көрсетушілердің жалақысын төлеуге есептелген сомма жөнелту шығындары жатқызылып ‘‘ Жөнелту шығыстары ‘‘ шотында берешекке жазылады ( дебеттелінеді ).
Басқару қызметкерлерінің жалақысы өндірістік шығыстарға жатқызылмайды. Олар мерзімдік шығыстарға жатады. Сондықтан ол ‘‘ Жалпы және әкімшілік шығыстары ‘‘ , шотында дебеттеледі. ‘‘ Жалақы бойынша есептеу ‘‘ шотындағы қалған қалдық жалақыны есептеу мен төлеу уақыты дәл келмегендіктен пайда болады. Яғни еңбек ақыға төленетін шығыс өнімінің есеп беру мерзіміндегі өздік құнына қосылып, ал еңбек ақыға жұмсалатын шығын келесі есеп беру айында төленеді.
Төртінші операция. Мекеменің (өндіріс орынның) жұмыскерлер мен қызметкерлерге төленетін еңбек ақы (жалақы) есептелген:
Бұйымның «А» түрін дайындауға–26 000 теңге;
Бұйымның «Б» түрін дайындауға–10 000 теңге;
..............................................................................................
Барлығы 36 000 теңге;
Қондырғыларды жүргізетін қызметкерлерге 9500 теңге;
Басқару қызметкерлеріне 7 000 теңге;
Барлығы 52 500 теңге;
Төртінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Негізгі өндіріс»-36 000 теңге;
Дебет шотында «Жөнелту шығыстары»–9 500 теңге;
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығыстары»–7 000 теңге;
Кредит бойынша «Жалақы бойынша есеп айырысу»–52 500 теңге;
Бір уақытта қорытынды шот бойынша «Негізгі өндіріс» тікелей шығындары «А» өнімінің өндірісі 26000 теңге; «Б» өнімінің өндірісі 10 000 теңге талдау шоттарында көрсетілуі заңдылық игіліктерге сәйкесті жұмыскерлерге есептелген жалақыдан әртүрлі ұстап қалулар жүргізіледі. Оларды екі топқа: міндетті ұстап қалу мен мекеменің бастамасы бойынша ұстап қалулар деп бөлінеді.
Мендетті ұстап қалуға: табыс салығы, зейнеткерлер және әлеументтік фондыларға ұстап қалулар жатады. Ұсталған сомалар белгіленген мерзімде (жалақы берген күні) бюджетке аударылады.
Қорытындысында мекеме алдында көрсетілген сомаларды жоғары келтірілген қорлар мен бюджетке аудару жөніндегі міндет пайда болады. Осы кезде мекеменің шығыны артады.
Бесінші операция. Жинақтаушы еңбекақы қорына:
өндіріс жұмысшыларының жалақы қорынан-10 800 теңге: міндеті 10% мөлшерінде, ерікті 20% (соның ішінде «Б»-3000 теңге), «А» өнім түрі бойынша–7 800 теңге;
қызымет көрсететін қызметкерлерге–2 850 теңге;
басқару қызметкерлеріне–2 100 теңге,
барлығы 15 750 теңге;
төленетін жарна есептелінген.
Бесінші опрерацияны жазу:
Дебет шотына «Негізгі өндіріс»–10 800 теңге
Дебет шотына «Жалпы шығындары»–2 850 теңге
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–2 100 теңге
Кредит шотында «Әлеументтік сақтандыру бойынша есеп айырысу»
– 15 750 теңге
Алтыншы операция:
Әлеументтік салық мөлшері 21%, сомасы–11025 теңге
Әлеументтік қамтамасыз ету 1,5%, сомасы–787 теңге 50тиын
Барлығы 11821 теңге 50 тиын
Алтыншы операцияны жазу
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–11812 теңге
50 тиын
Кредит шотында «Бюджетпен есеп айырысу»–11025 теңге
Кредит шотында «Басқада есептелген шығындары»–787 теңге
50 тиын;
Похожие статьи