10.4. Өндіріс процессін есепке алу.
Өндіріс процессін өнім дайындау (өндіру) операцияларының жиынтығынан тұрады. Өндіріс процессін жүргізу үшін жанды және затқа айналдырылған еңбек (жұмыс күші, еңбек құрал жабдықтары) субъектіде сәйкесті шығындар қалыптасуына әкеледі. Нақты өнім дайындауға жұмсалған жалпы шығындар сомасы оның өздік құнын құрайды.
Өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің алдына қойылдатын талапқа:
- нақты өндіріс көлемі мен жалпы өндірілген өнімді, ақшалай және заттай өлшемдері бойынша анықтау.
- Өндірілген өнімнің нақты өздік құнын нақты, дәл, дұрыс есептеуін қадағалау жатады. Ол үшін өндірістің өнім шығару кезіндегі барлық шығындар мен олардың әрбір түрлері бойынша шығындарын ескеру керек.
Бұл жерде дайын өнімді өндірісте дайындауға жұмсалған шығындары өздік құнына жатқызу және жатқызбауды шектеу басты рөл атқарады. Сәйкесті бухгалтерлік есепте берілген әдістемелік ұсыныста (7 БЕС «Тауарлық материалдық қорларды есепке алу») субъект шығынның жіктелуімен құрамына байланысты өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өздік құнымен шығындарды, мерзім ішіндегі өздік құнға енбейтін шығындар деп танылған шығындарды анқытайды.
Өндіріс шығындарына қарағанда мерзім ішіндегі шығындарға тауарлық–материалдық қорлар қалдықтары мен аяқталған өндіріс көрсетіледі.
Бұлар шаруашылық өндірістеріне баға саясатын жүргізуге шешім қабылдау үшін маңызды рөл атқарады.
Сонымен өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің объектісі дайын өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өзіндік құны болып табылады. Ол экономикалық мазмұндарына байланысты төмендегідей элементтері бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар
- жұмыс күштердің жалақысына төленетін шығындарды
- жалақы бойынша аудару
- жасалу шығындары
Өнімнің өндірістік өздік құнын жоспарлаған кезде немесе есепке алу мен жұмысты талдағанда төмендегідей топтастырулар қолданылады.
- Пайда болу орнына (өндіріс, цех, бөлімше) қарай, өндіріс процессі негізгі және қосалқы өндіріс болып екіге бөлінеді. Өндіріс (тізімі) тізбегі, шығын түрлері (тікелей және жанама, оларды өздік құнға жатқызу тәсілі) жоспарланған кезде жеке бөліп шығынды есепке алуға субъектінің (мекеменің) қаржылық есептеу саясатымен анықталады.
- Өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) яғни өндіріс шығындарына жеке өнімдер түрлерінің өздік құны енгізіледі (қызмет түрлері)
- Өнім түрлерінің өздік құнын шығынға енгізу (жатқызу) тәсіліне байланысты, олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей шығындар–пайда болу уақытына қарай белгілі бір бұйымды шығаруға жұмсалған шығындар. Жанама шығындары пайда болған уақытына қарай белгілі бір бұйымдарға жатқызуға болмайды. Сондықтан оны таңдап алынған әдіске сәйкесті өндіріс процессі немесе есеп беру мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей және жанама шығындар арасында таратып жазады.
Өндіріс шығындары өндіріс көлемінгің ұлғаюы немесе кемуі мен бірге немесе ұлғаюы мүмкін. Кейде көлемнің ауытқуына байланысты олар белгілі бір деңгейде тұрақты болып қалады. Сондықтан оларды: тұрақты, айнымалы және шартты айнымалы деп үшке бөледі.
Тұрақты өндіріс шығындары есеп беру мерзімінің өне бойында сақтандыру жарнасы, жалгерлік төлем, өтімдік аудару, объектінің негізгі құрал жабдығы, техникалық қызметкерлердің жалақысы тұрақты болып қалады.
Айнымалы өндіріс шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты болады. Оларға: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, көмекші материалдар, жарықтандыру шығындарын, электр энергиясы, жылыту және аспаптар жатады.
Шартты–айнымалы шығындар жартылай тұрақты және жартылай айнымалы шығындардан құрылады. Оларға: пайдалану үшін төленетін абсалюттік төлем факс, қалааралық байланыс (переговор) және коммуналдық қызмет көрсету шығындары жатады.
Жоғарыда көрсетілген шығындар қызмет қасиеттері кейбір өнім түрлерінің (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелту шығындарына таралып жазған кезде маңызды рөл атқарады. Есеп беру мерзімінің санында тікелей шығындармен қосылып, таратылып жазыларда дайын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өндірістік өздік құнын құрайды.
Дайын өнімнің бір данасының өздік құны, материалдар құнының жалпы сомасына жалақы шығындары мен жөнелту шығындарының жиынтық сомасын қосып шығарылған өнімнің жалпы санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы өндірісте 500 бұйым шығарылады. Негізгі материалдар шығыны–25 000 теңге;
тікелей жалақы шығыны 20 000 теңге; жөнелту шығындары–10000теңге, бұйым данасының өздік құны төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі материалдар 5 теңге (25 000/500);
Тікелей жалақы шығындары 4 теңге (20000/5000);
Жөнелту шығындары 2.0 теңге (10 000/5000);
.............................................................................................
Бұйымның жиынтық өздік құны 11.00 теңге.
Шығындар түрлері бойынша ақпарат белгілі болғанда өндіріс процессі аяқталғаннан кейінгі бұйымның өздік құны осылай анықталады.
Тәжірибеде өнім данасының өздік құнын келтіретін табыс, бұйымның ағымдағы өткізу бағасын анықтау мақсатында өндіріс процессі басталғанға дейін анықтау талап етіледі.
Бұл жағдайда бұйымның бағасын жуықтап анықталады. Мысалы, бухгалтерлік есепте бұйым данасын дайындауға жұмсалатын болжамды шығын:
8 теңге материалдық шығын;
5 теңге тікелей жалақы шығыны;
3 теңге жөнлету шығындары (өнімнің өздік құнының 60 % құрайды);
негізгі материалдар 8 теңге;
жалақы шығыны 5 теңге;
жөнлету шығыны 3 теңге;
.....................................................
Бұйымның болжамды өздік құны 16 теңге.
Осы болжамды өздік құнына байланысты бұйымның өткізу құны қойылады да оларды өткізу үшін басқару шешімі қабылданады.
Похожие статьи