1.4. Бухгалтерлік есеп – ақпаратты қортындылау жүйесі.Шаруашылық операциялар.
Кез–келген басқару жүйесі–мейлі ол әкімшілік немесе нарықтық жүйе болсын бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мұқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады,
сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда бухгалтерлік жүйе де өзгереді.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға бойланысты:
- Нарқытық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлекеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет субъектісінің шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі.
- Шаруашылықпен айналысушы субъект өзін жоғары қаржы нәтижелерімен қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол нарық конъюнктурасын зерттейді, өз қызметін өзінше дербес жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше қояды және т.б.
- Шаруашылық жүргізуші субъект нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурсатры үшін, сонадай–ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесніде шаруашылық жүргізуші субъекті де басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, субъект өзіне қаржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше ақпарат беруге міндетті.
- Нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» , «Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы» заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай–ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек:
* Капитал бере алатын инвесторлар (сыртқы және ішкі), оларды бағалы қағаздарға салып және еншілес серіктестерді (тәуелді), бірлесе бақылау жасайтын заңды тұлғаларды инвесторлау.
*Несие берушілер, несие бола ма және олар тиесілі процентерін уақытылы төлейме, осыларды анықтау үшін.
* Субъект қызметінің үзіліссіздігі туралы, әсіресе ұзақ мерзімді келісімшарт немесе субъектіге тәуелді жағдайда ақпаратқа мүдделі сатып алушылар.
*Өдеріне жұмыс берушілердің тұрақтылығы мен рентабельділігі, субъектінің жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ете алатын қабілеті немесе жалдамалы жұмыс тауып беру мүмкіндігі туралы ақпаратқа мүдделі жұмысшылар мен қызметшілер.
*Ресурстарды бөлі туралы, демек субъектінің қызметі туралы ақпаратқа мүдделі мемлекет және т.б.
Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашқы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қортындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген ақпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңқы деректер шаруашылық қызметтің жинақталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қортындылаудың және салыстыра өлшеудің нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық ақпарат жүйесі нормантивтік, жоспарлы, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат қашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.
«Ақпарат» деген ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.
Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы–бұл белгілі уақыт пен кеңістікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалынатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш–қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қортындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаруашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Шаруашылық операцияларының орныдалуын белгілі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операциялары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік
есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.
Шаруашылық операциялары мен фактілерінің жалпы қасиеттеріне операцияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай–ақ олардың ақшалай бағалануы (бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері) жатады.
Похожие статьи