1.6. Түйін.
Шаруашылық есеп–бұл шаруашылық құбылыстарының сан көрсеткіші және сапалық сипаттамасы. Ол ішкі және сыртқы тұтынушыларға, басшыларға немесе экономикалық пайда табушыларға дұрыс ақпарат алу үшін керек.
Шаруашылық есепті жүргізудің кезеңдері:
Бақылау, өлшеу, тіркеу.
Талаптар:
Нақтылық, объективтілік, дер уақыттық, салыстырмалылық, үнемділік.
Принциптері:
Есептеу, үздіксіз қызмет, мәнділік, түсініктілік, дұрыстық, шыншылдық, әсірелеусіздік, бейтараптық, сақтық және т.б.
Есептік өлшемдер:
Ақшалай, натуральды, еңбек.
Шаруашылық есептің түрлері:
Бухгалтерлік есеп (қаржылық және өндірістік), бухгалтерлік есеп теориясы , статистикалық, шұғыл.
Похожие статьи