2.3. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын заттай форма түрінде қарастырғанда олардың сонымен бірге бухгалтерлік есеп объектісі болып табылатын қалыптасу көздерін де зерттеп білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайына шаруашылық субъектілері мен заңды
(жеке) тұлғалардың, мемлекеттің, қаржы–несие мекемелерінің, басқа да шаруашылық субъектілерінің және еңбекшілер ұжымдарының араларында бухгалтерлік есеп арқылы ретке келтірілтіп отыратын шаруашылық құқықтық
(материалдық) қатынастар болады. Сондықтан да шаруашылық субъектінің әр алуан түрлері ресурстарының қалыптасу көзі оның қызмет негізін құрайтын меншік формасымен (шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, коммерциялық емес ұйымдар және т.б.), жеке меншік капиталының құрылу тәртібімен, банктік несие және несиенің басқа да түрлерінің мақсатымен, қаржылық–бюджеттік органдармен қарым– қатынасымен, сыртқы және ішкі инвесторлармен есеп айырысу қатынастарымен, сондай–ақ жұмысшылар мен қызметшілер алдындағы міндеттемелерімен шарттас.
Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары (активтері) өздерінің сипаты жағынан әртүрлі көптеген көздерден құралады. Алайда оларды басты екі топқа біріктіруге болады.
- Міндеттеме дегеніміз–контрактының немесе жарғының талаптарының нәтижесі сияқты белгілі бір жоба бойынша іс– қимыл жасау міндеті;
- Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі активі. Бұлар:
Активтер=Міндеттеме+Меншік капитал=түріндегі негізгі баланыстың теңеуден туындайды.
Аталған көздер топтарын былайша түсіндіруге болады: жеке меншік капитал–бұл жеке меншік қаржы ресурстары, ал міндеттеме– бұл бір жақтан жұмылдырылған (қарызға алынған) ресурстар, ол субъектіде уақытша ғана болады, яғни біршама уақыттан соң, алдын ала шарттасқан мерзім өткеннен кейін оларды қайтып беруге тура келеді. Бұлардың жеке меншік ресурстардан айырмашылығы осы, жеке меншік ресурстарды субъект үнемі пайдаланады, оларды қайтарып беремін деп қобылжымайды.
Жеке меншік капиталдың құрылымы былай: жарғылық капитал; өтелмеген
(төленбеген) капитал; қайтарылған капитал; қосымша өтелген және қосымша өтелмеген капитал, резервтегі капитал; бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын); басқадай капиталдар.
Сөйтіп, субъектінің бір көзден алған активтерінің жиынтығы оның жеке меншік капиталы болып аталады және шаруашылық субъектінің жеке меншік қаржы ресурстарының басым бөлігін құрайды.
Субъектінің амортизациялық қаржысы да болады, бұл да ресурстар көзі болып саналады. Мұндай көздің болуы зкономикалық қажеттілектен туындайды,
яғни пайдалану кезінде ескірген және моральдық жағынан тозған негізгі құралдарды айырбастауға және қалпына келтіруге арналған.
Шаруашылық субъектінің жеке меншік капиталының құрылуының аса маңызды көздерінің бірі–оның таза пайдасы (табысы).
Жұмылдырылған ресурстар көздеріне міндеттемелер, яғни банктер мен банктерден тысқары мекемелердің несиелері және басқалар; алдағы кезеңдердің табыстары; дивидендтер бойынша есеп айырысу (жәй және артықшылықты акциялар); бюджетпен есеп айырысу; еншілік (тәуелді) серіктестіктерге несиелік берешек; алынған аванстар; өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу; басқадай несиелік берешіктер мен қаржы есептеу жатады.
Бірқатар жағдайларға байланысты шаруашылық субъектісіне қосымша қаржы ресурстары қажет болып қалады (қолда бар жеке меншік капиталдан тыс), мұндай қажеттілік банктерден және банктерден сыртқары басқа да мекемелерден ақшаны қарыз түрінде алу арқылы қанағаттанырылуы мүмкін. Бұл қарыздар сауда немесе несие деп аталады және бұлар белгіленген мерзім ішінде сату үшін алынған тауарларды өткізуден түскен, сондай–ақ орындалған жұмыстар мен қызметтерден алынған пайдадан өтелінеді.
Субъектінің тапқан табысы ішінде оның жұмысшыларға, құрылтайшыларға, бюджеттік–қаржылық органдарға және басқаларға тисілі ресурстар болады. Бұл қаржыларды өз иелеріне қайтару келісілген мерзімде жүргізіледі, ал төлем мерзімдері арасында субъект бұларды жұмылдырылған көздер ретінде уақытша пайдалана алады.
Субъект қарамағына оның табысы ретінде түскен ақшаның бір бөлігі субъектіге түрлі субъектілердің (транспорт қызметі, эл. қуатын беру, суға, жылуға және т.б.) көрсеткен қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалады. Осындай қызметтер алуға қарай олардың құны белгіленеді, яғни шаруашылық субъектісінде қалған, бірақ енді қызмет көрсеткен басқа субъектіге тисілі ресурстардың ауқымы анықталынады.
Субъект қолындағы оған жұмылдырылған құралдар көздері ретінде қызмет ететін берешектердің барлық түрлері несиелік берешек деп аталады. Оларды ақшамен өтеу арқылы субъект осы көзден уақытша жұмылдырылған ресурстардан айырылып қалады. Төлемдерді белгіленген мерзімнен кешіктіру қаржы тәртібін бұзу болып табылады да, тиісінше жазаланады.
Солай бола тұрса да, субъективті жағдайларға байланысты жұмылдырылған ресурстардың жекелеген түрлерінің қайсы бір бөліктері субъектінің қарамағында үнемі қалып қоятыны бар.
Мысалы, субъект жұмысшыларына жалақы төлеу (басқа да несиелік берешектерді) мерзімі әдетте өтім кезеңі аяқталғаннан кейін бірнеше күннен соң басталады. Бұл уақыт ішінде субъектінің жұмысшылар мен қызметшілерге берешегі екі бөліктен тұрады: Өтіп кеткен өнім кезеңінің берешегі және осы кезең аяқталғаннан кейінгі өткен бірнеше жұмыс күнінің берешегі. Жалақы берілген күні берешектің бірінші бөлігі өтеледі, ал екіншісі қалады. Нәтижесінде жұмысшылар мен қызметшілерге тиесілі ресурстардың қайсы бір сомасы әрқашан субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) арасында қалады, сондықтан ол субъектінің жеке меншік ресурстарына теңеледі.
Алайда, кейде мындай да болады: субъектіде пайда болған жеке меншігі сияқты активтерінің қайсы бір бөлігі жұмылдырылған құралдармен ұқсас болып тұрады, өйткені субъект шамалы уақыттан кейін олардан бәрі бір айырылып қалады.
Мұндай ресурстарға объект табысының болашақта жұмсау үшін арнаулы мақсатқа сақтап қойған бір бөлігі жатады, өйткені бұлар субъектіде уақытша ғана тұрады, сондықтан олар осы белгісі бойынша жұмылдырылған ресурстар түсінігіне жанасады.
Сөйтіп, субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) түбегейлі топтасу сол активтердің құралу көздері мен түпкілікті мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: жеке меншік ресурстар; жеке меншік ресурстарға теңестірілген ресурстар; жұмылдырылған ресурстар; жұмылдырылған ресурстарға жанастырылған құралдар.
Субъектінің шаруашылық–қаржылық ресурстары экономикалық мазмұны мен өндіріс процесіне қатысу сипаты бойынша және құралу көздері бойынша да қарастырылуы ықтимал.
Субъектінің шаруашылық ресурстарының жалпы сомасы мен оларды қарастыратын көздерінің жалпы сомасы өзара тең болуға тиісі, өйткені субъектіде шаруашылық ресурстары (активтері) оларды құрайтын көздерден артық болмауға тиіс және керісінше. Бұл шаруашылық ресурстарының (активтерінің) екі жақты көрінісі.
Похожие статьи