2.4. Бухгалтерік есеп әдістемесінің жалпы сипаттамасы.
Бухгалтерлік есептің да, кез–келген ғылым сияқты, өзінің зерттеу әдістемесі болады. Бұл әдістеме пәннің алдында тұрған міндеттерге қарай белгіленеді.
Басқа да барлық ғылымдар сияқты бухгалтерлік есеп методологиясының негізі қоғам дамуын танудың диалектикалық әдістемесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп әдістемесі–бұл шаруашылық ресурстарын, шаруашылық қаржы процестерін мен олардың ақша түріндегі нәтижелерін үздіксіз, тұтастай және құжатты негізде көрсетудің (тіркеудің), топтаудың, қортындылап, бақылаудың өзара байланысты тәсілдері мен амалдарының жүйесі.
Бухгалтерлік есепте әдістемелік элемен ретінде пайдаланылатын негізгі тәсілдер мен амалдар мыналыр: құжаттар, есепшоттар және еселенген жазу; бағалау мен калькуляция; инвентаризация; баланс пен есеп беру.
Бухгалтерік есептің осынау тәсілдері мен амалдары бухгалтерлік есеп курсында азды–көпті барынша егжей–тегжейлі қарастырылатын болады. Бухгалтерлік есептегі құжаттандыру– шаруашылық операцияларын алғашқы жаппай тіркеу (көрсету) мен заңдастырудың (оформление) тәсілі ретінде қарастырылады. Әрбір аяқталған шаруашылық операция белгіленген тәртіп бойынша құжатпен заңдастырылады. Осы тәсілмен ақпаратта алынып, соның негізінде шаруашылық ресурстарының (активтерінің) және олардың көздеріне, шаруашылық операцияларына жаппай бақылау жасалынады, сөйтіп басқару мақсаттарына қажетті ақпараттар алатын, бақылауға керекті құжаттық негіздемелер мен алғышарттар жасалады.
Құжаттандыру шаруашылық операцияларын тікелей көрсетуге қызмет етеді және есептің көзі (басталуы) болып табылады. Шаруашылық операцияларының жазбаша көріністері тек құжаттар негізінде ғана жүргізіледі.
Есептер мен еселене жазу шаруашылық ресурстарының жекелеген түрлерін, олардың көздерін және шаруашылық процестерін жазып отырудың, топтау мен бақылаудың ерекше тәсілдері болып табылады.
Субъект ресурстарын экономикалық жағынан топтаудың құралы саналатын есептер (счета) қызмет барысанда активтер мен шаруашылық процестерінің жекелеген түрлерін бақылаудың, жекелеген бытыраңқы операцияларды біртекті операциялар топтарына біріктірудің тәсілі болып табылады, мұның өзі шаруашылық міндеттерінің орындалуы туралы барлық маңызды көрсеткіштерді алуға қамтамасыз етеді.
Еселеген жазу шаруашылық операцияларының есепте көрсетілуін қамтамасыз ететін амал. Осыдан есеп жүргізудің еселенген жүйесі деген атау пайда болған.
Мысалы, тауар сатып алу жөніндегі операцияны тіркеу кезінде осынау шаруашылық процестің екі жағы өзара өзектестіріледі: Тауардың түрі және өнім тапсырушыға ақша қаражатының төленуі.
Есептер мен еселенген жазуды қолдану бухгалтерік есеп объектілерінің көптігімен және әралуандылығымен, олардың экономикалық белгілеріне қарай топтастырып, өзара сабақтастықта көрсетудің объективті қажеттілігімен шарттас.
Бағалау мен калькуляция бухгалтерлік есеп заттарын (объектілерін) ақша түрінде өлшеу әдістері сияқты.
Бағалау дегеніміз–шаруашылық ресурстарымен олардың көздерін және шаруашылық операцияларын ақша түрінде өлшеу болып табылады. Ол натуралды көрсеткіштерді баға, тарифтік ставка көмегімен еңбек көрсеткіштерін ақшаға айналдыру, окладтар және т.б. арқылы ақша өлшеміне айналдырады.
Калькуляция дегеніміз-өнім (жұмыс пен қызмет) единицасының өзіндік құнын анықтау әдісі. Ол калькуляциялық объектіге жататын өнімнің әрбір единицасна шығарылған шығынды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Калькуляция шаруашылық процестерінің бағасын неғұрлым дұрыс беруге жәрдемдеседі.
Инвентаризация (түгіндеу) дегеніміз есеп деректерінің шындықтан ауытқу жағдайларын болдырмау үшін субъект ресурстарының белгілі бір күнде натуралды түрде тексеру тәсілі. Ол есеп деректерінің дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін құжаттандыруға толықтыратын амал, өйткені есеп көрсеткіштері инвентаризация деректері бойынша (шындық бойынша) жөнге келтіріледі.
Инвентаризацияның ауық–ауық жүргізіліп тұруы есеп көрсеткіштерінің шынайлығын қамтамасыз тетеді, меншікті сақтауға ықпал жасайды, ішкі резервтерді және жұмыстағы кемшіліктерді анықтайды.
Баланс пен есеп беру дегеніміз–субъектінің шаруашылық қызметі туралы, тікелей есептен туындайтын көрсеткіштердін қалыптасқан жүйесі бойынша белгіленген жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық деректер алу амалы.
Баланс пен есеп беру көрсеткіштері бойынша шаруашылық қызметке талдау мен аудиторлық тексеріс жүргізіледі.
Баланс әдісі құбылыстарды өзара байланысты екі жақты қарастыру әдісі сияқты басқару мен жедел жұмыстарды, ғылымда қолданылады.
Бухгалтерлік есепке баланс әдісі шаруашылық ресурстарын құрамы мен олардың құралу көздері бойынша көрсету үшін қолданылады. Субъект ресурстарын көрсетудің баланстық әдісі осылардың жалпы теңдігіне (екі белгінің) негізделген. Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстары мен олардың құрылу көздерінің қолдағы мөлшері мен жағдайын және олардың мақсатты бағыттарын ақша түрінде белгілі бір күнге жалпылау әдісі. Баланс негізінде субъектінің қаржылық жағдайы, ресурстардың пайдаланылуының дұрыстығы, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі, олардың айналымдылығы мен өтімділігі (белгіленеді) анықталады.
Есеп беру дегеніміз–есепті кезең ішінде субъектінің шаруашылық қызметінің түрлі жақтары мен көрсеткіштері туралы жиынтық деректер алу әдісі.
Баланс пен есеп берудің қолданылуы шаруашылық ресурстарының ауыспалы айналымының күрделілігімен және шаруашылық қызмет қортындыларын ауық–ауық шығарып, субъектінің барлық ресурстарының жағдайын анықтап отыру қажеттілігімен шарттас.
Похожие статьи