2.5. Түйін
Заң жүзінде бірде бір кәсіпорын (субъект) ведомствалық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, бухгалтерік есеп жүргізбей өмір сүре алмайды.
Кәсіпорынның мүлкі (активтері), оның міндеттемелері мен қаржы–шаруашылық қызмет барысында жүзеге асырылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп объектілері болып табылады. Осыдан бастап бухгалтерік есеп қызметі үш бөлімге бөлінеді, олардың әрқайсысы өздеріне мүліктің нақты түрлерін қосып алады. Атап айтқанда, құрамы мен орналасу бойынша мүлік – айналыстан сыртқары активтер, ағымдағы айналыс активтері; құралу көздері жөніндегі мүлік–жеке меншік капитал және резервтер, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер; шаруашылық операциялары (процестері) және олардың нәтижесі–жабдықтау мен өндіріс, өткізу мен қаржы нәтижелері.
Бухгалтерік есеп әдістемесі–бұл тәсілдер мен амалдар. Солардың көмегі арқылы бухгалтерілк есеп пәні зерттелінеді. Бухгалтерлік есеп әдістемесінің негізгі элементтері құжаттар, инвентаризация, есеп пен еселенген жазу, баланс пен есеп беру, бағалау мен калькуляция.
Похожие статьи