3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік.
2–тақырыптың 2.4. бөлімінде бухгалтерлік баланстың шаруашылық ресурстарының қолда бар мөлшері мен жағдайын және көздерін, олардың құралуын қортындылайтын тәсіл ретіндегі қызмет туралы жалпы түсінік береді.
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады.
Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.
Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.
3.1. Таблица.
Инвентатрлық тізім.
| Объектілер атауы |
сомма |
- Негізгі құрал
- Ағымдағы активтер, соның ішіндегі:
- Қосалқы тауар – материалдар қоры
- Банктерге есеп айырысу есеп шотындағы ақша
- Дебиторлық берешек
- Жұмылдырылған ресурстар, соның ішінде
«Банк несиесі»
«Жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысына берешек»
«Әлеументтік қорғаныс органдарына берешек» |
165 00050 000
20 000
5000
40 000
25 000
14 000
1000 |
Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.
3.2. Таблица.
Бастапқы баланс.
| Актив |
Сумма (теңге) |
Пассив |
Сумма |
- Негізгі құралдар
- Қосалқы тауар –
Материалдар қоры
- Қолдағы қаржы
4. Дебиторлар |
165 000
50000
20 000
5000 |
- Жарғылық капитал
- жұмысшы– қызметшілермен есеп айырысу
- Әлеументтік қорғаныс бойынша есеп айырысу
- Банк несиесі
|
200 000
14 000
10 000
25 000 |
Баланс |
240 000 |
Баланс |
240 000 |
Екінші жағдайда бастапқы ресурстар тек қана ақша қаражаттарынан емес, сондай–ақ қайыра құрылған субъектілер баланысындағы басқа да құндылықтардан: шикізаттар мен құрал жабдықтардан және т.б. құрылады.
Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге негізгі құралдар (құрал–жабдықтар және т.б.); банктен жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге алды делік; ал өнім берушілерден 140000 теңгеге шикізаттар мен материалдыр алды. Осы деректер негізінде мынадай формадағы таблица жасалынуы мүмкін.
| Актив Пассив |
Құрамы, орналасуы және
пайдалануы бойынша
шаруашылық ресурстары. |
Ресурстардың құралу көздері және ресурстардың бағалық бағыттары. |
| Атаулар |
Сумма |
Атаулар |
Сумма |
І.Негізгі құралдар.
Құрал - жабдықтар |
400 000 |
І.Жеке меншік ресурстар
Жарғылық капитал |
400 000 |
ІІ. Ағымдағы активтер.
Шикізаттар мен
Материалдар қолдағы ақша. |
140000
60000 |
ІІ. Міндеттемелер.
Банк несиесі.
өнім тапсырушылар
мен есеп айрысу. |
60000
140000 |
| Жиынтығы |
600000 |
Жиынтығы |
600000 |
Бұл жерде шаруашылық ресурстары құрамы мен құралу көздері жөнінен ірі топтарда көрсетілген. Таблицада ресурстардың жалпы сомасы шаруашылық ресурстары көздерінің жалпы сомасына тең екні көрініп тұр. Басқаша жағдай болуға тиіс те емес, өйткені ресурстардың әрбір түсу фактілері екіжақты актіні білдіреді: Біріншіден, материалдық мүліктің (активтердің) тікелей түсуіне; екіншіден, көздердің құралуын; жеке меншік ресурстары болып табылатын бұларды тапсыру немесе субъект ресурстарын уақытша банк несиесі түрінде және есептеу кезінде туындаған жағдай ретінде қабылдау.
Субъек ресурстарын таптау мен көрсетудің мұндай тәсілін қолдану қажеттілігі мынадан туындаған: ағамдағы бухгалтерлік есеп бірінші кезеңде жекелеген сипатта фактілерді бақылау мен жинақтауды қамтамасыз етеді, ал қортындылаушы кезеңде шаруашылық ресурстардың, олрадың көздерінің топталуы мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат түрінде қамтамасыз етеді.
Баланстың басқаша түрі өзге жағдайда, субъект банкрот алдында тұрғанда, яғни оны тарату мәселесі қойылғанда құрылады.
Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.
Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында бекітіледі.
Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі өз балансының құрылу формасы өзі таңдап ала алады.
Актвтегі немесе пассивтегі ресурстардың әр бір элементі баланс статьялары («баптары» деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты оқу немесе талдау үшін баланс активті мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке статьяларға бөлінеді.
Баланс статьяларының орындары белгілі бір принциптерге бағынады. Баланс статьяларының топтасуын негізінен әралуан ресурстар түрлерінің сипаты мен экономикалық талдау мен аудит талаптары белгілейді.
Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым жоғары жеделділікке қарай орналасады.
Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының кез келген түрі қайсы бір құн ауқымы мен саипатталады. Осындай барлық құн ауқымдарының жиынтығы сол ресурстардың жағдайын көрсетеді, оның ақпараттық моделі болып табылады. Ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.
Похожие статьи