3.2. Бухгалтерлік баланс құрамы мен құрылымы.
Бухгалтерлік баланста ресурстарды топтау субъектісінің шаруашылық ресурстарының экономикалық саралауға және осы ресерстардың құралу көздеріне негізделінеді. Олар ресурстар мен шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнын жақсырақ көрсететіндей, сол арқылы субъектінің қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы балансты талдауды жеңілдететіндей тұрғыда орналасады.
Баланстың сол жағы (формаға қараңыз)–актив өзіне екі бқлімді қосып алады. І бөлім–«ұзақ мерзімді активтер» ІІ бөлім «ағымдағы активтер».
Баланс активінің І бөлімінде статьялардың мынадай тобы болады:
Материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс, инвестиция, дебиторлық берешек, алдағы кезеңдердің шығындары.
Баланс активінің ІІ бөліміндегі «ағымдағы активтер» мынадай статьялар тобы бар: тауар–материал активтері, дебиторлық берешек және басқа да активтер.
Баланс активінің ІІ бөлімі қысқа мерзімде пайдалануға арналған, бір жыл ішінде қолма–қол ақшаға айналдырылатын (жылдам өтетін) ресурстарға бекітіледі.
Баланс пассиві осы ресурстардың құралу көздері мен мақсатты бағыттарын көрсетеді: Ол мынадай бөлімдерден тұрады: І бөлім: «жеке меншік капитал» , ІІ бөлім «ұзақ мерзімді міндеттеме»
ІІ бөлім: Ағымдағы міндеттемелер:
Бірінші бөлім субъектінің міндеттемелерін өтегеннен кейін қолында қалғандарын көрсететін статьяларды біріктіреді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз шаруашылық субъектінің ақшалай формада міндеттемелерін, көрсетілген қызметтерді және басқаларды бір жылдан астам уақыт мерзімде төлейтін соманы білдіреді.
Сөйтіп, нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік балансты пайдаланушылардың ұланғайыр тобы үнемі назар аударып отырады.
Бухгалтерлік балансқа жекеленген шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бухгалтерлік ақпарат пайдаланатын көптеген сыртқы және ішкі топтар мүдделері тұрғысынан келу қажет. Сондықтан да оның рөлі маңызды.
Сөйтіп, баланстың негізгі элементі шаруашылық ресурстарының белгілі бір түрі (активті статия) немесе олардың көздерінің (пассивті статья) қорытындыланған көрсеткіштер есебіндегі статьясы болып табылады.
Баланс статьялары топтарға қорытылады, ал топтар бөлімдерге қорытылады. Мұның өзі бухгалтерлік баланстағы ақпараттық шолу мен талдауды жеңілдетеді. Бухгалтерлік баланс активтері мен пассивтердің жалпы ауқымдарының тұрақты теңдігі ұсталынады. Актив пен пассив көрсеткіштерінің жиынтығын баланс валютасы деп атайды.
Бухгалтерлік баланс құрлымының күрделілігі, көрсеткіштердің өзара байланысы мен тұрақты сипаты оны тікелей және кері байланыстары нақты көрініп отыратын саластырмалы түрдегі дербес ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Пассив сипатымен келісілмеген активтер өзгерісі шаруашылық тетіктерінің тепе–теңдігін бұзуға, тиісті көздермен қамтамасыз етілмеген шаруашылық ресурстарының құрылуына соқырады.
Өз кезегінде актив баланс пассивіне ықпал етеді: шаруашылық ресурстарын тиімді пайдалану олардың көздерін ұлғайтады, субъектінің қаржылық жағдайына игі әсер етеді.
Баланста оның статьялары топтары мен бөлімдері арасында тік байланыстар да болады, олар субъект қызметін талдау мен аудит процестерінің зерттеу нысанасы болып табылады.
Похожие статьи