3.3. Бухгалтерлік баланстың шаруашылық операцияларымен байланысы.
Бухгалтерлік баланста субъектінің белгелі бір мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда, шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының көлемі мен құрамында, демек балансын да өзгертеді. Сонымен қоса (операция) осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады. Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан ақысы тауар–материал игіліктерінің қоймаға түсуі тауар–материал қорының тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды өндіріске беру олардың қоймадағы қорын азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.
Шаруашылық құралдары мен олардың көзінің өзгеруі баланста соманың баланс статяларына сәйкес ұлғаю немесе азаю түрінде қорытындыланып көрсетіледі.
Шаруашылқ операцияларының ықпалымен субъект балансында болатын өзгерістер төрт топқа немесе типке бөлінеді.
Біріншіден типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, шаруашылық ресурстарының бір формадан екіншісіне өзгеруіне байланысты туындаған өзгеріс жатады. Олар тек баланс активіне ғана қатысты, шаруашылық ресурстарының (активтің) құрамын өзгеріту, бірақ баланстың жалпы сомасын өзгертпейді (∑А+О-О=∑П. Мұндағы ∑-сома, А–актив, О–операция, П–пассив) мысалы, материалдарды өндіріске жіберу.
Екінші типке немес топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, бір ресурстар көзінің екіншісіне ауысуына байланысты (көздерді қайра білу) туындаған өзгерістер жатады. Олар тек баланс пассивіне байланысты, жекелеген көздердің сомасын өзгертеді, бірақ баланстың жалпы сомасын азайтпайды және актив пен пассив жиынтығының теңдігі бұзылмайды. (∑ А=∑ П+О–О). Мысалы, пайданы басқа да резервтік капиталға жіберу.
Үшінші типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, субъектіге жаңа ресурстардың қосылуына байланысты туындаған өзгерістер жатады. Олар баланс активтері мен пассивтеріне қатысты, ресурстардың жекеленген түрлері мен олардың көздерінің сомасы ұлғаюға қарай өзгертеді және баланстың жалпы сомасы осы типтегі жасалған шаруашылық
операцияларының сомасына ұлғайтады (∑ А+О=∑ П+О), мысалы, өнім тапсырушылардан материалдардың түсуі.
Өзгерістің төртінші типіне баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, ресурстардың бірі белгінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығып кетуіне байланысты өзгерістер. Олар баланс активі мен пассивіне қарасты, шаруашылық ресурстарының жекеленген түрелрі мен олардың көздерінің сомасын азайтады және баланстың жалпы сомасын азаю жағына қарай өзгертеді (∑ А-О=∑ П-О). Мысалы, банк несиесін клиенттің банктегі есеп айырысу есепшотынан өтеу.
Жүргізілген шаруашылық типтерін мынадай мысалдардан көреміз.
Шаруашылық қызметтің басындағы баланс мынадай болды:
| Статьялар атауы |
сома |
Статьялар атауы |
сома |
Негізгі құралдар.
Құрал – жабдықтар
Материалдар
Дайын өнім
Есеп айырысу есепшотындағы бары |
50000
20000
3000012000 |
Қаржылық капитал
Табыс
Банк несиесі
Несие беруші |
74000
8000
18000
12000 |
| Баланс |
112000 |
Баланс |
112000 |
Мынадай шаруашылық операциясы жүргізілді:
1 - тип. 1) Материалдар сатып алынды, ақша есеп айырысу
есепшотынан төленеді. 5000
- Дайын өнім сатылады, ақша есеп айырысу
есепшотына аударылады. 3000
2 – тип. 3) Табыстың бір бөлігі жарғылық қорға қосылады. 5000
3 – тип. 4) Алынған құрал–жабдық пайдалануға беріледі. 36 000
5) Банк несиесі есебінен материалдар сатып
алынды. 9000
4 – тип. 6) Банк енсиесі есеп айырысу есепшотынан ақша аудару арқылы өтіледі. 8000
7) Есеп айырысу есепшоттарынан несиелік
берешек өтіледі. 7000
Осындай шаруашылық операцияларына байланысты баланста мынадай өзгерістер болады.
| Бланас статьялары |
Бастапқы баланс |
Шаруашылық операцияларын жазу |
Соңгы баланс |
Актив
Негізгі құралдар
Материалдар
Дайын өнім
Есеп айырысу есепшотында бары |
30 000
20 000
30 00012 000 |
4) + 36 000
- + 5000; 5) + 9000
2) - 3000
- - 5000; 2) - 3000
6) – 8000; 7) - 1000 |
86 000
34 000
27 0001000 |
| Жиынтығы: |
112 000 |
Жиынтығы |
112 000 |
Пассив
Жарғылық капитал
Табыс
Банк несиесі
Несие берушілер |
74 000
8000
18 000
12 000 |
3) + 5000; 4) + 36 000
- - 5000
- + 9000; 6) – 8000
7) – 1000 |
115 000
3000
19 000
11 000 |
| Жиынтығы: |
112 000 |
Жиынтығы |
148 000 |
Соңғы баланста бастапқы мен салыстыру кезінде мыналар анықталады: Шаруашылық операцияларын көрсету нәтижесінде ол құрылым бойынша да, жалпы сомасы бойынша да өзгереді. Жүргізілген шаруашылық операцияларынан туындаған баланстық өзгерістердің біз қарастырған 4 типі осынау тптағы операциялардың әр алуан түрлерін аяқтайды.

Похожие статьи