4.2. Есеп шоттарға операцияларды екі рет жазу. (2)
Желілеу журнал–ордерлер деп аталатын ерекше есеп регистрлерінде немесе бастапқы құжаттарда контировалық жазу («Конто» итальянша– «есеп шот» дегенді білдіреді), яғни операцияның жүргізілген фактісі тіркелген құжатта жүргізіледі. Бухгалтерлік жұмыс тәжірибесінде желілеудің сөз арқылы тұжырымын пайдалану, яғни оларды былайша бейнелеп, есептік формулалармен пайдалану қолайлы:
«Кассадағы қолма–қол ақша» шотының дебеті
«Алынуға арналған счет» шотының кредиті 2800 теңге.
Оған әрі құрылған желілеу мазмұны тиісті бухгалтерлік есеп шоттарға жазу жүргізіледі. Сонда осы желілеуде қозғалған есеп шоттар мынадай түрге енеді (схемаларда бастапқы сальдо Бқ деп белгіленген):
«Кассадағы қолма–қол ақша»
Дебет Кредит
Бқ 350
1) 2880 |
|
Дебет «Алынуға арналған счет» Кредит |
Сқ 4590 |
1)2880 |
2.Операция. Субектінің банктегі есеп айырысу есеп шотында сақталған қолма–қол ақшаның бір бөлігінен жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы төлеу үшін кассир 7760 теңге алған.
Бұл фактінің нәтижесінде қаржы ресурстарын қосушы екі объект жағдайына өзгеріс енді: кассада қолма–қол ақша өсті және есеп айырысу есп шотындағы қолма–қол ақша азайды. Ресурстын екі түрі де баланс активінде көрсетіледі, демек жазулар екі активті есепшотты қайтадан қозғайды және есеп формуласы былай болады.
«Кассадағы қолма–қол ақша» шотының дебеті
«Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша» шотының
Кредиті = 7760 теңге.
Көрсетілген желілеуге сәйкес ондағы жазулардың орындалуына қарай шоттар мынадай түрге енеді:
«Кассадағы қолма–қол ақша»
Дебет Кредит
Бқ 350
1) 2880
2) 7760 |
|
Дебет «Алынуға арналған есеп шот» Кредит |
Сқ 40290 |
2) 7760 |
3.Операция. Субектінің банктегі есеп айырысу шотында сақталған қолма–қол ақшасынан табыс салығы бойынша бюджетке берешекті өтеу үшін 12 960 теңге төленеді.
Бұл жерде фактінің бұрынғы екеуінен елеулі айырмашылығы бар.
Субъектінің қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы, бірақ оның
өзіне тисілі емес қаржылыры (активтері) олардың иесіне
(бюджетке) беріледі.
Мұндай сипаттағы операция қаржы ресурстарын қосушы бір объекті жағдайы мен келесі бір көздің жағдайын өзгертеді, яғни баланстың активін де, пассивін де қозғайды, оның үстіне екі өзгеріс те олардың азаюына бағытталған.
Осы операция нәтижесінде субъектінің есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша және субъектінің табыс салығы бойынша берешегі («Міндеттемелер» статьясы пассивтің) азайды, бұл төленетін ағымдағы табыс салығы пассивті шотына сәйкес келеді. Активті шоттағы азаю кредитке, ал пассивтегі-дебетке жазылатындықтан, бұл операция шоттарда мынадай есептік формулада көрсетіледі:
«Ағымдағы табыс салығы төленуге» шотынан дебеті
«Есепті айыру шотындағы қолма–қол ақша» кредит–12960теңге.
Осы формулада көрсетілген жазуды орындағаннан кейін, немесе бухгалтерлік терминге сәйкес шоттардағы желілерді тіркеп жазғаннан кейін олар былай болып шығады:
«Банктегі есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»
Дебет Кредит
| Бқ40290 |
2) 7760
3) 12960 |
| Дебет « Ағымдағы табыс салығы төленуге» Кредит |
| 3) 12960 |
Бқ 12960 |
4.Операция.Субъект жұмысшылары мен қызметшілеріне кассадан жалақыға 7520 теңге берілді. Субъектінің қаржы ресурстарының бүкіл ауқымына бұл факті былайша ықпал етеді: ресурс азайды. Демек: кассадағы қолма–қол ақша кеміді және жұмысшалар мен қызметшілерге олардың жалақысын төлеу бойынша берешек кеміді.
Бұл операцияны шоттарда көрсетудің тәртібі мынадай есептік формуламен беріледі:
«Еңбекақы бойынша есеп айырысу» шотының дебеті
«Кассадағы қолма–қол ақша» шотының кредиті–7520 теңге
Осы желіні жазғаннан кейін шоттар мынадай түрге енеді:
« Кассадағы қолма–қол ақша »
Дебет Кредит
«Еңбекақы бойынша есеп айырысу»
Дебет Кредит
- Операция. Банктегі есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақшадан банктер несиесін ішінара жабу ретінде 11200 теңге аударылады.
Бұдан бұрынғы екі операция сияқты, бұл факті субъект ресурстарының жалпы ауқымын (азайтты) кемітті: есеп айырысу есепшотындағы қолма–қол ақша азайды, бірақ сонымен қатар субъектінің банктен бұрындары алған несиесі бойынша берешегі де азайды. Активті және пассивті есепшоттарға жазу тәртібіне сәйкес желілеу былайша көрініс береді:
«Банктер несиелері» есеп шотының дебеті
«есеп айрысу есеп шотындағы қолма–қол ақша» есеп шотының Кредиті 11200 теңге.
Осы желі жазылғаннан кейін есеп шоттар мынадай күйге енеді:
«Есеп айырысу есеп шотындағы қолма–қол ақша»
Дебет Кредит
| БҚ 40290 |
2) 7760
3) 12960
4) 11200 |
| Дебет «Банктер несиелері» Кредит |
| 1) 11200 |
Бқ 76200 |
6.Операция. Жабдықтаушыдан сату үшін алынған тауарлар келіп түсті, қосымша құн салығын қоспағанда келісім бойынша бағасы 22644 теңге. ҚҚС–ның сомасы 2264 теңге.
Соңғы үш операцияға қарама–қарсы бұл операция субъект ресурстарының жалпы ауқымын ұлғайтты: сату үшін алынған тауарларға қосылған ресурстар өсті. Ресурстардың өсу көзі жабдықтаушыға берешектің 22644 теңгеге ұлғаюы болады. Сөйтіп, баланстың активі де, сондай–ақ пассивтері де қозғалады, оның үстіне екі өзгерісте ұлғаю жағынан қарай бағытталды. Баланстың өзгерген статьяларына «Стау үшін алынған тауарлар» активті шоты және «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» пассивті есеп шоты сәйкес келеді.
Активті және пассивті шоттарға жазу тәртібін ескере келгенде есептік формула былайша түзіледі:
«Стау үшін алынған тауарлар» шотының дебеті
«Жабдықтаушылармен және мердігермен есеп айырысу»
шотының кредиті–22644.
Осы желіні көрсетілген есепшоттарға түсіру оларға мынадай түр береді:
«Стау үшін алынған тауарлар»
Дебет Кредит
Бқ 172800
4) 22644 |
|
«Жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу»
Дебет Кредит |
|
Сн 29970
6) 22644 |
Бұл фактіде, жоғарыда көрсетілгеніндей, бір ғана желілеумен шектелуге болмайды, өйткені салықтық есеп–фактурада қосымша құн салығының (ҚҚС – НДС) сомасы көрсетілген, ол алынған тауар үшін жабдықтаушыға өтімге қайтарылуға тиіс–2264 теңге. Ендеше мұндай ахуал желілеуді былайша көрсетілуге тиіс:
«Қосымша құн салығын өтеуге» есеп шотының дебеті
«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу»
есеп шотының кредиті-2264теңге.
Аталмыш желілеуді түсіргеннен кейінгі есеп шоттар былай
болады:
«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу»
Дебет Кредит
|
29970
6) 22644
6а) 2264 |
Дебет «ҚҚС өтеуге» Кредит |
Бқ 6а) 2264 |
7.Операция. Жабдықтаушының субъектіге көрсеткен төлес сенім қағазы бойынша банк оған банктер несиелері бойынша 21016 теңге береді.
Бұл операция субъектінің қаржы ресурстарының жалпы ауқымына ықпал еткен жоқ, бірақ олардың екі құралу көзін өзгертті: Субъектінің жабдықтаушыға берешегі кеміді және банкке берешегі ұлғайды. Өзгеріс баланс пассивінің екі статьясын қозғайды және демек, аталған бершек түрін есепке алуды көздейтін екі пассивті шоттар көрсетілуге тиісті. Пассивті шоттарда жазу тәртібін пайдалана отыра мынадай желілеуге қол жеткізіміз:
«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының дебеті
«Банктер несиелері» шотының кредиті–21016 теңге.
Осы желілеу мазмұнына сәйкес есепшот мынадай күйге енеді:
«Жабдықташылармен және мердігерлермен есеп айырысу»
Дебет Кредит
| 7)21016 |
Бқ 29970
6) 22644
6а) 2264 |
| Дебет «Банктер несиесі» Кредит |
| 5) 11200 |
Сн 76200
7) 21016 |
Қарастырылған операциялар ішінен субъектінің қаржы ресурстарының жағдайын әртүрі өзгертетін барлық төрт үлгінің де (түрлер) мысалдары келтірілді, бірақ нақтылы операция қай үлгіге қатысты болсы да оның түпкі нәтижелері, мысалдар көрсеткендей, белгілі бір құндық ауқымды бір шоттың дебетіне, келесінің кредитіне жазу арқылы көрсетіледі. Ендеше, субъектінің қаржы ресурстарында болатын өзгерістерді тіркеу тәсілі екі рет жазу деп аталып кеткен.
Бұған қоса, егер шотқа, жоғарыда келтірілген схемалардағыдай, желілеу сомасы ғана емес, сонымен бірге қатынас қағаздасушы шоттар туралы деректерді де қондырар болсақ, онда мұндай регистердің ақпараттық құндылығы өсе түседі. Кез–келген есеп шотты қарастыра келгенде, осы есеп объектісінің ауқымы мен бағыттары туралы ғана емес, соған қоса онда болып жатқан өзгерістердің есептері туралы да, яғни оның жағдайын өзгерткен фактілер (оқиғалар) мазмұны туралы да түсінік беруге болады.
Сондықтан да шынайы бухгалтерлік есеп шоттарда дебет бір емес, бірнеше графамен беріледі, соның көмегі арқылы есеп шот дебетіндегі жазулар қатынас қағаздасушы есеп шоттар бойынша топтастырылады.
Шынайы бухгалтерлік есеп пшот тәжірибеде қалай көрінуге тиіс екенін (аздап алға оза отырып айтсақ) мына таблицадан байқайсыздар (бұл таблицада дебеттер бөлінген графалар саны азайтылған: сан деректері жоғарыда қарастырылған операциялармен байланысты емес):
Похожие статьи