4.2. Есеп шоттарға операцияларды екі рет жазу.
Шаруашылық ресурстары, олардың көздері және операциялары бухгалттерлік есеп шоттарында үздіксіз, өзара байланыста әрі белгілі бір жүйеде көрсетіледі. Бұған әрбір шаруашылық операциясын пшоттарға екі рет жазу тәсілі арқылы қол жеткізіледі. Екі рет жазу шоттар арасындағы ақпараттар қозғалысының бағытын көрсете отырып олардың өзара байланысын сипаттайды.
Есеп шоттар арасындағы байыланысты көрсете отырып екі рет жазу бухгалтерлік есеп шоттарының жалпы құрылымын туғызады.
Бухгалтерлік екі рет жазу амалының мәнісі мынады: шаруашылық операциясы бірдей уақытта және өзара сабақтастырыла бір шоттың дебеті мен келесі шоттың кредитіне бірдей сомада қатар жазылады. Шаруашылық операцияларының шоттарда екі ден көрсетілуі бухгалтерлік есепте екі рет жазу деп аталады.
Жүргізілген шаруашылық операцияларынан туындаған баланстық өзгерістердің төрт үлгісіне немесе топтарына сәйкес операцияларды есеп шоттарға екі рет жазудың мынадай тәртібі белгіленген.
- баланстық өзгерістердің бірінші үлгісіндегі немесе тобындағы операция бір активті шоттың дебеті мен келесі активті шот кредитіне жазылады;
- екінші үлгідегі операция бір пассивті шоттың дебеті мен келесі пассивті шот кредитіне жазылады;
- үшінші үлгідегі операция бір активті шоттың дебеті мен келесі пассивті шоттың кредитіне жазылады;
- төртінші үлгідегі операция пассивті шот дебеті мен активті шот кредитіне жазылады.
Шаруашылық оепацияларын бухгалтерлік есеп шоттарына жазудың және олардың сальдо мен баланс жиынтығына ықпалының схемасы.
Баланстық
өзгерістер
үлгісі |
Операцияларды
Есеп шоттарға жазу |
Сальдо өзгерістері |
Жиынтық баланстың өзгерістері |
Дебет
бойынша |
Кредит
бойынша |
Активті
есеп шот |
Пассивті
есеп шот |
|
| Бірінші |
Активті |
Активті |
Біреуі
бойынша
ұлғаюды,
келесі
бойынша
азаюы |
|
Өзгеріс
жоқ |
| Екінші |
Пассивті |
Пассивті |
|
Бір есеп шот
бойынша
ұлғаюкелесі
бойынша азаю |
Өзгеріс
жоқ |
| Үшінші |
Активті |
Пассивті |
Ұлғаю |
Ұлғаю |
Ұлғаю |
| Төртінші |
Пассивті |
Активті |
Азаю |
Азаю |
Азаю |
Есеп шоттарға екі рет жазу бухгалтерлік жазуладың дұрыстығын автоматты түрде тексерудегі, сондай–ақ шаруашылық ресурстары мен олардың құралу көдерін тексерудегі ағымдық бухгалтерлік есептің маңызды тәсілі.
Екі рет жазу амалының арқасында әрбір шаруашылық операциясы әртүрлі есеп шоттардың дебеті мен кредиті бойынша біркелкі сомада көрсетіліп, соның нәтижесінде олар бір–бірімен байланыстырылады. Есеп шоттар арасында олардың шаруашылық операцияларындағы екі рет жазу нәтижесінде пайда болған мұндай өзара байланыс есеп шоттардың қатынас жазулары деп аталады.
Әрбір есеп шот барлық есеп шоттармен емес, тек белгілі бір есеп шоттар топтарымен ғана қатынас қағаздасады.

Ең бірыңғай болып табылатын қарапайым шаруашылық операциялары бір есеп шоттың дебетіне және келесінің кредитіне жазылады. Алайда, өмірде тек қарапайым ғана есем, сонымен бірге ресурстардың күрделі кешенде өзгерістері операцияларымен де істес болуға тура келеді. Бірнеше біртектес қарапайым операцияларды біріктіретін операция күрделі деп есептелінеді және ол жазуларды елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді.

Екі рет жазу дегеніміз шаруашылық операциялары туғызған екі құбылысты бірдей сомада бір шоттың дебеті мен келесі шоттың кредитінде бірдей уақытта өзара байланыста көрсетудің тәсілі болып табылады.
Есеп шоттар қатынас жазулары (олардың жүйесі салыстырмалы түрде белгіленген жағдайда) ағымдағы есепті ұйымдастыруға басты да мәнді болып табылады. Есеп шоттардың дұрыс, әрі ғылыми негіздегі қатынас жазулары сыртық және ішкі инвесторлар мүддесі үшін субъектінің шаруашылық-қаржы қызметінің дәл жағдай мен аудитін беруге мүмкіндік туғызады.
Бухгалтерлік тәжірибеде өзара қатынас жазулары алмасатын белгілі бір есеп шоттар топтары белгіленеді.
Есепке дебеттік және кредит есеп шоттары мен сома атауларының қысқаша жазуы формасында тіркелген әрбір операция бухгалтерлік жазу деп аталады.
Бірнеше шарушылық операциялары мысалында бухгалтерлік есепшоттарға жазу жұмысының орындалу тәртібін қарастырып көрелік. Мысал негізінде субъектінің белгілі бір кезең басындағы қаржы ресурстарының (активтерінің) жағдайын сипаттайтын мейлінше қысқартылған балансты алайық.
Кезеңнің басындағы баланс (теңгемен)
Активтер Пассивтер
Қаржы ресурстары
салынатын объектілер |
Сома |
Қаржы ресурстарының
Құрылу көздері |
сома |
| І. Ұзақ мерзімді активтер: 1.Жеке меншікті капитал: |
| Негізгі құралдар: |
|
Жарғылық капитал |
|
| 1. Бастапқы құны |
142 370 |
1.Төленген капитал |
200110 |
| 2. Жинақталған амортизация |
32850 |
|
|
| 3. Қалдық құн ( 1 – 2 ) |
109 520 |
|
|
| ІІ. Ағымдағы активтер: ІІ. Міндеттемелер: |
| 1. Алынған тауарлар |
172 800 |
1.Банктер несиелері |
76200 |
| 2. Кассадағы қолма-қол ақша |
350 |
2.Табыс салығы
бойынша берешек |
12960 |
3.Есеп айырысу
есеп шотындағы
қолма – қол ақша |
40290 |
3.Еңбекақы бойынша берешек |
8310 |
| 4. Алынуға арналған счет |
4590 |
4.Өтім мерзімі
жетпеген кредитор
лық берешек |
29970 |
| Баланс ........................................... |
327550 |
Баланс ......................... |
327550 |
Айталық, бухгалтерлік шоттарда бұл бастапқы (қалдықтар) сальдо түрінде жазылып та қойылған. Енді қаржы ресурстарының ағамдағы өзгерістерін тіркеу ( жазу ) ғана қалады.
1. Операция. Сатып алушылар өздері сатып алған тауарлары үшін борыштың бір бөлігін қолма–қол ақшамен кассаға төледі, нақты айтқанда 2800 теңге төледі.
Осы операцияның нәтижесінде қаржы ресурстары (Активтері) салынатын екі объектінің жағдайы өзгереді:
Кассадағы қолма–қол ақша өсті және «Алынуға арналған счет» берешек азайды. Бұл факті: «Кассадағы қолма–қол ақша» шотының дебетіне-2800 теңге және «Алынуға арналған счет» шотының кредитінеде 2800 теңге тіркеледі. Мұндай жазу жүргізуде біздер активті шоттарда активтердің өсуі дебетте, ал азаюы кредитте көрсетілетінін басшылыққа аламыз.
Ресурстар өзгерістерінің құнын жазу (яғни операция сомасында) есеп шоттардағы бухгалтерлік желілеу (ақшаның басқа бір салаға, мысалы жалақыға немесе берешекті өтеуге жұмсалуы) операцияларының нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Похожие статьи