4.3. Синтетикалық және аналитикалық есеп оттары.
Барлық есеп шоттар өздерінің масштабы, көлемі, есептік деректерінің топтасуы бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:
- біртекті құралдарды (ресурстарды) және шаруашылық процестерін қорытындылаушы топтар аты мен есепке алуға арналған синтетикалық есеп шоты (немесе бірінші реттегі шоттар);
- құралдар (ресурстар) мен шаруашылық процестерін егжей– тегжейлі түп–түгел топтастыру мен есептеуге арналған аналитикалық шоттары (немесе екінші реттегі есеп шоттар);
Бұлардың құрлымының негізіне олардың белгілі бір ситетикалық есеп шотқа қатыстылығы алынады.
Есеп шоттардың синтетикалық және аналитикалық болып бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық операцияларының қорытындыланған көрінісін беретін синтетикалық есепке және субъектінің шаруашылық қызметінің бүкіл бөліктерін немесе элементтерін толық көрсететін аналитикалық есепке бөлінеді.
Синтетикалық есеп ақшалай өлшемде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп ақшалай өлшеммен қатар натуралдық және еңбек өлшемдерін де пайдаланады, яғни бірдей операциялар, мысалы тауар– материалдық игіліктердің қозғалысы натуралдық және ақшалай өлшемдермен жазылады.
Синтетикалық және аналитикалық есеп–бұл қатарлас жүретін есептің екі түрі. Бұлардың әрқайсысы бухгалтерлік есептің аяқталған ақпараттын тек мынадай айырмашылақпен–синтетикалық есеп оны қорытындыланған түрде, ал аналитикалық есеп толық түрінде береді.
Аналитикалық есеп жүргізу қажеттілігі мынадан туындаған: синтетикалық есеп казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық жағдайында субъект қызметіне барынша толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, материалдық құралдардың (ресурстардың) жекелеген түрлерінің қозғалысына қорытынды бақылау жасап, тіркеу жұмысы әрбір нақты заттың қозғалысы мен жағдайы туралы нақты деректерді қажет етеді және т.б.
Жалпыға мәлім, шаруашылық құралдарының (ресурстарының) әрбір түрінің ондаған, жүздеген заттар түрлері болады. Мысалы, материалдардың саны мен қозғалысы есепке алынып отыратын «Материалдар» синтетикалық есеп шоты бойынша материалдардың әрбір түріне аналитикалық есеп талап етіледі, ал олардың саны субъектіде кейде ондап, жүздеп өлшенеді.
Сонымен бірге керісінше қажеттілікте туып жатады– аналитикалық есепке қатарлас синтетикалық есеп керек болады, өйткені аналитикалық есеп шоттардың жүйесі өте толық болып келеді де, объективті түрде қорытындылауды қажетсінеді.
Синтетикалық және аналитикалық есеп үшін ортақ нәрсе–олар бірімен өзара байланысты және бір–бірін бақылап отырады.
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары.
Синтетикалық есе пшот Аналитикалық есеп шот
( ақшалай өлшем ) ( натуралдық және ақшалай өлшемдер )

Синтетикалық есеп шоттарда шаруашылық ресурстары (құралдары) мен олардың қозғалысы туралы қорытындыланған көрсеткіштер сақталады.

Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі егжей – тегжейлі сипаттама береді.
Өзіне қосымшаға аналитикалық есеп шоты бар синтетикалық есеп шотқа жазылатын барлық жазулар бірдей уақытта және қатарлас тиісті аналитикалық есеп шоттарға да жазылады және керісінше, бірдей уақытта және қатарлас синтетикалық есеп шотқа жазу жазылмай тұрып аналитикалық есеп шотқа бірде -бір жазу жасалынбау керек.
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттар арасындағы өзара байланыс былайшы көрінеді:
- Синтетикалық есеп шотқа түсірілетін әрбір жазу олар біріктіретін аналитикалық есеп шоттар тұсына жүргізіледі (дебетке немесе кредитке);
- Синтетикалық есеп шотқа операция жалпы сомамен жазылады, ал аналитикалық есеп шотқа-тиісті жеке сомалармен жазылады, олар жиынтығында жалпы соманы құрайды;
- Синтетикалық есеп шоттың дебет бойынша айналымы дебеттер айналымдары қамтыған аналитикалық есеп шоттардың жалпы жиынтығына тең, ал шаруашылық есеп шоттың кредит бойынша айналымы аналитикалық есеп шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтығына тең;
- Синтетикалық есеп шот сальдосы олар қамтыған аналитикалық есеп шоттардың барлық сальдоларының жалпы жиынтығына тең;
Есептің қатарлас түрлерін жүргізу арқылы ағымдағы бүкіл есепке автоматты түрдегі бақылау жүзеге асырылады, яғни синтетикалық есептің жиынтық деректері аналитикалық есептің жиынтық деректерімен бақыланады және керісінше.
Мұны шартты мысалмен көрсетелік.
І. Шаруашылық операцияларының бас кезеңдегі баланс былай болады:
Актив Пассив
| Статьялар атауы |
Сома
теңге |
Статьялар атауы |
Сома
Теңге |
| Негізгі құралдар |
50 000 |
Жарғылық капитал |
74 000 |
| Соның ішінде ғимарат |
45 000 |
Табыс |
8000 |
| Құрал – жабдықтар |
5000 |
Банктер несиелері |
18 000 |
| Материалдар с.і.: |
20 000 |
Несие берушілер, с.і.: |
12 000 |
| Материалдар «А» |
8000 |
Жабдықтаушы «А» |
7000 |
| «Б» |
7000 |
«Б» |
5000 |
| «В» |
5000 |
|
|
| Дайын өнім |
30 000 |
|
|
| С.і. «А» бұйымдар |
10 000 |
|
|
| «Б» |
12 000 |
|
|
| «В» |
5000 |
|
|
| «Г» |
3000 |
|
|
| Банктегі есеп айрысу шотындағы қолма–қол ақша |
12 000 |
|
|
| БАЛАНС |
112000 |
БАЛАНС |
112000 |
ІІ. Шараушылық операциясы:
- Материалдар сатып алынды, банктегі есеп айырысу шотынан 5000 теңге ақша төленді, с.і. сатып алынып, субъект қоймасына түсті:
Материалдар «А» .......................................... 1000 теңге
Материалдар «Б» .......................................... 1500 теңге
Материалдық «В» .......................................... 2500 теңге
- Дайын өнім сатылды, банктегі есеп айырысу есепшотына 3000 теңге түсті. Соның ішінде:
«А» бұйымдар .......................................... 1000 теңге
«Б» бұйымдар .......................................... 800 теңге
«В» бұйымдар .......................................... 700 теңге
«Г» бұйымдар .......................................... 500 теңге
- Таза пайданың бір бөлігі «Жарғылы капиталды» ұлғайтуға берілді–5000 теңге:
- Алынған құрал–жабдықтар пайдалануға қайтарымсыз берілді36000теңге:
- Банктер несиелері есебінен материалдар алынады–9000 теңге:
Соның ішінде: Материалдар «А» - 1200 теңге
Материалдар «Б» - 3000 теңге
Материалдар «В» - 4000 теңге
- Субъектінің банктегі есеп айырысу шотынан банктер несиесі өтілді–8000 Теңге.
- Банктегі есеп айырысу есепшотынан жабдықтаушыларға кредиторлық берешек өтіледі–1000 теңге.
Соның ішінде: «А» жабдықтаушыға 700 теңге
«Б» жабдықтаушыға 300 теңге төленді
Бұл мысал мынадай есептік процедуралардың орындалуын көздейді:
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарын ашуда; бастапқы сальдоны ашылған шоттар бойынша көшіреді; операция жазуларын бухгалтерлік желілеу деректеріне сәйкес синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарға жазуды; айналымдарды санап, есеп шоттар бойынша жазуды және соңғы сальдоны шығаруды.
Похожие статьи