4.4. Ағымдағы есеп шоттар деректерін қорытындылау амалдары.
Шаруашылық қызметтің нәтижелерін тексеріп, тұтастай шаруашылықтағы және оның белгілі бір бөліктеріндегі қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін және белгілі бір календарлық кезеңдегі қаржы ресурстарының жағдайы мен белгілі бір экономикалық тиімділік туралы жинақталған экономикалық ақпарат беру үшін ағымдағы бухгалтерлік есеп деректерін қорытындылап отыру қажет. Қорытындылау, немесе ағымдағы есеп деректерінің мәліметі жүргізілген есептік жазуларды салыстырып, өзара бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы бақылау тәсілдері мен амалдары әртүрлі. Олар бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуымен шарттас.
Аналитикалық және синтетикалық есептің жазуларының дұрыстығы мен олардың өзара байланысын бақылаудың неғұрлым кең тараған амалдарының бірі белгілі бір есептік кезеңге, әдетте бір айға арналған айналым тізімін жасау болып табылады.
Синтетикалық есеп есеп шоты бойынша айналым тізімі–есеп шоттар бойынша барлық жазулардың деректерін қорытындылау үшін; осы жазуларды бақылап, тексеру үшін; соңғы сальдоны шығарып, есеп шоттармен баланс арасындағы өзара байланысты анықтау үшін жасалады.
Айналым тізімі бухгалтерлік есеп шотының есепті кезең басы мен соңындағы сальдосы және есепті кезең ішінде әрбір есепшот дебеті мен кредит бойынша жиынтығы түсіріледі.
Синтетикалық есеп бойынша айналым тізімінің мазмұнын жоғарыда келтірілген 4.3.бөліктің деректері мысалында қарастырылып көрелік.
| Есеп шот атаулары |
Есепті кезең басындағы сальдо (Сн) |
Есептікезеңдегі айналым-
дар
(До, Ко) |
Есепті кезең соңындағы сальдо
(Ск) |
| Д - т |
К – т |
Д - т |
К - т |
Д – т |
К - т |
| Негізгі құралдар |
50 000 |
- |
36 000 |
- |
86 000 |
|
| Материалдар |
20 000 |
- |
14 000 |
- |
34 000 |
|
| Дайын өнімдер |
30 000 |
- |
- |
3000 |
27 000 |
|
Банктегі есеп
Айырысу есеп
шотындағы қолма-
қол ақша |
12 000 |
- |
3000 |
14 000 |
1000 |
- |
| Жарғылық капитал |
- |
74 000 |
- |
41 000 |
- |
115000 |
Бөлінген табыс
( өтілмеген зиян ) |
- |
8000 |
5000 |
- |
- |
3000 |
| Банктер несиелері |
- |
18 000 |
8000 |
9000 |
- |
19 000 |
Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен
есеп айырысу |
- |
12 00 |
1000 |
- |
- |
11 000 |
| БАРЛЫҒЫ: |
112000 |
112000 |
67000 |
67000 |
148000 |
148000 |
Айналым тізімінің жиынтығынан көріп тұратындай, үш пар тең сома пайда болады.
Мұндай теңдестік есеп шоттардағы жазуладың дұрыстығының дәлелі.
Кезеңнің басындағы дебет пен кредит бойынша сальдо жиынтығы өзара тең (112000 және 112000): Бұл есепті кезең басындағы баланстың активі мен пассивті жиынтығының теңдігінен туған. Есепті кезеңдегі айналымдардың дебіті мен кредиті бойынша теңдігі (67000=67000) екі рет жазу әдісінен туған, өйткені барлық операциялар бір есеп шоттың дебетіне, екіншісінің кредитіне жазылған. Кезеңнің соңындағы сальдо жиынтықтарының теңдігі (Ск) осы уақыттағы байланыс активі мен пассиві жиынтықтарының теңдігімен шарттас.
Егер дебет пен кредит бойынша айналымдар теңдігі шықпаса, онда жазулардан қате кеткені.
Мұындай қателіктер аналитикалық есепті синтетикалық есеппен салыстыру кезінде, барлық ресурстарды (активтер) түгендеу (инвентаризациялау) кезінде және материалдық жауапты адамдарды тексеру кезінде шығады. Синтетикалық есепшот бойынша айналым тізімі шахматтық формада да жасалуы ықтимал, онда ол сальдо мен есепшот айналымын ғана емес, сонымен бірге олардың қатынас қағаздарын да көрсетеді. Ол шаруашылық операцияларының шаруашылық ресурстары мен олардың көздеріндегі өзгерістермен өзара байланыста топтасыруды қамамасыз етеді.
Шахмат түрде жазу принципі қазіргі заман есебінде кеңінен пайдаланылады. Оның мәнісі–бір сомамен жазу бір есеп шоттың дебетіне және кредитіне жазылады. Көлденен орналасқан есеп шот оның дебетін, ал тік оналасқаны–кредитін белгілейді.
Похожие статьи