4.5. Түйін.
Бухгалтерлік шоттар ағымдағы есепті топтастырумен активтерді және шаруашылық процестерді бақылау тәсілін білдіреді. Есеп шоттар–бұл мүлікті құрамы мен орналастырылуы бойынша, оны құрайтын көздері бойынша сондай–ақ операцияларды сапалық біртекті белгілері бойынша ағымдағы өзара байланыста көрсету мен топтастырудың тәсілі.
Мүлік (актив) пен операцияның әрбір түрі үшін өздерінің атауы мен цифрлық нөмірлері (шифр) бар жеке есеп шоттар ашылады, олар баланс статьяларына сәйкес келеді. Бухгалтерлік есеп шоттар мазмұндарына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Екі рет жазу дегеніміз–шаруашылық операциясы туғызған екі құбылысты бірдей уақытта бір есеп шоттың дебеті мен екіншісінің кредитінде біркелкі сомада өзара байланыста көрсетеді.
Синтетикалық есеп шотта да шаруашылық активтері мен олардың қозғалысы туралы қорытындыланған көрсеткіштер сақталады. Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі жан–жақты сипаттама береді.
Айналым тізімдері–бұл синтетикалық және аналитикалық есеп есеп шоттары бойынша айналымдар мен сальдо жазулары қорытындыланатын таблица.
Синтетикалық есеп айналымы тізімнің ерекшеліктері (ақшалай өлшемде) және үш пар бағананың теңгесі.
Похожие статьи