5.1. Есеп шоттарды саралаудың мәнісі мен маңызы.
Бухалтерлік есепте әртүрлі есеп шоттар қолданылады. Олардың белгілі бір түрін дұрыс қолдану үшін сол есеп шоттың сипаттамасын жақсы білу керек. Оған есеп шоттарды саралау көмектеседі, яғни оларды топтардағы бірыңғай белгілері бойынша қорытындылау көмектеседі. Бухгалтерлік есеп шоттарын түрлі белгілері бойынша топтауға болады. Есеп шоттар ақпарат жеткізуші және оны алу әдісі болып табылады. Ақпарат қорытындылау белгілерін бөліп шығару үшін бухгалтерлік есеп объектілерінің бүкіл жиынтығын, бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетілуге тиіс барлық құбылыстар мен процестерді мұқият талдау қажет. Есеп шоттарды саралау шаруашылық қызметтін алдын ала бухгалтерлік талдаудан өткізіп, ақпараттың қажетілігін анықтаудың және оны алу мүмкіндіктерінің құралы. Ол: қандай ақпарат бухгалтерлік есеп жүйесін қай жерде қалай көрсету, қорытындылайды деген сұраққа жауап береді.
Кез–келген ғылыми саралау көптеген құбылыстарға немесе объектілерді олардың белгілі бір ортақ белгілері бойынша топтасуы жолымен зерттеп, сол көптеген топтасу жүйесі қалыптастыратындай зерттеу әдістемесі болып табылады. Саралау процесі барысында жекелеген есеп шоттарды ғылыми негізді топтар мен шағын топтарға жинауға емес, сонымен бірге неғұрлым маңызды–бухгалтерлік есептің қорытындылаушы көрсеткіштерінің құрылымын құрайтын шаруашылық қызметтері туралы бүкіл ақпарат жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлуінуі жүзеге асады. Балансқа қатысты есеп шоттар активтін, пассивті және баланстан тысқары болып топтасады. Есеп объектілерінің қорытындылану дәрежесіне қарай есеп шоттар синтетикалық және аналитикалық болып бөлінеді. (жинақтаушы және талдаушы деп те атауға болады–аудармашы)
Оған байланысты есеп шоттарды экономикалық мазмұны бойынша, олардың мақсаттары мен құрылымы бойынша саралаудың маңызы өте зор. Есеп шоттарды саралау әрбір есеп шоттың мазмұны мен мақсатын түсініп, оларды активтер мен шаруашылық процестерінің қозғалысын дұрыс көрсетуге жәрдемдеседі.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі әдебиеттерде есеп шоттарды саралаудың екі белгісі кездеседі:
Мақсаты мен құрылы бойынша саралау;
Экономикалық мазмұны бойынша саралау;
Есеп шоттарды мақсаты мен құрылымы бойынша саралаудың негізінде есеп шоттарды активтер мен шаруашылық процестерінің бухгалтерлік есебінің өз әдістемесі, яғни есеп шоттарды шаруашылық активтерді, міндеттемелерді, жеке меншік капиталды және процестерді есепке алудың тәртібі, есеп шоттардың мақсаты, сол есеп шоттар дебетінің, кредитінің, айналымдар мен сальдоның мәнісі алынған. Бұл жерде есеп шоттарды олардың есептік–техникалық ерекшеліктеріне қарай топтастыру көзделген, яғни қандай да бір есеп шоттың зкономикалық көрсеткіштері сипатына орай есеп шоттардың ішкі мазмұны, ағымдағы есепте шаруашылық процестің әралуан элементтерін көрсетудің сипаты мен тәсілі ашылады.
Экономикалық белгі бойынша саралау негізіне активтер мен процестердің сол есеп шотта ескерілетін экономикалық мазмұны алынады.
Есеп шоттарды саралаудың екі бағыты болады;
- Екі беглі бойынша бірден құрылатын бірыңғай саралау;
2) Әрбір белгі бойынша бөлек саралау;
Бухгалтерлік есеп шоттарын экономикалық мазмұны, мақсаты мен құрылымы бойынша бірыңғай (сыйыстырылған) саралау жинақыда тұжырымды болып келеді. Алайда ол есеп шоттардың экономикалық мазмұнын да, сондай–ақ олардың мақсаты мен құрылымын да мейілінше толық, терең әрі жан–жақты ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді, мұның өзі осынау белгілердің әртүрлі мақсатты міндеттеріне байланысты болса керек. Бір қатар авторлардың есеп шоттарды бірыңғай (сыйыстыра) саралау талабы нәтиже бермеді, сондықтан бухгалтерлік есеп теориясы бойынша қазіргі заман авторларының көпшілігі есеп шоттарды саралаудың бөлек жолдарын қарап: Міндеттері мен құрылымы және экономикалық мазмұны бойынша саралауды ұсынады.
Сөйтіп есеп шоттарды саралау негізінде басты белгілер мыналар болып табылады:
- Есеп шоттардың экономикалық мазмұны, яғни есп шоттарда қандай объектілер есепке алынатыны ескерілген.
- Есеп шоттардың міндеттері мен құрылымы, яғни объект есеп шотта қалай ескерілген. Қандай да бір есеп шоттардың дебеті мен кредитіне не жазылады, сальдо қандай болады және нені білдіреді.
Осынау екі белгіге сәйкес екі саралау болады:
- Экономикалық мазмұны бойынша.
- Міндеті мен құрылымы бойынша.
Осы екеуі де бір–бірімен өзара байланысты, әрі бірін–бірі толықтырады. Есеп шоттарды саралаудың практикалық та, теориялық та маңызы зор. Практикалық маңызы мынадай: ол бүкіл бухгалтерлік жұмысты ұсынуға, жекелеген есеп шоттардың міндеттерін және оларды жедел басшылық, талдау мен бақылау жұмыстарына пайдалану мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі.
Ал теориялық маңызы–ол есеп шоттарда пайдаланудың сан қырлы практикасын белгілі бір жүйеге келтіреді, бухгалтерлік есепті ойдағыдай ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтайды.
Похожие статьи