5.5. Түйін.
Бухгалтерлік есеп шоттарын саралау–бұл оларды көрсететін активтердің (мүлкітің), міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнының біртектілік белгілері бойынша оларды топтарға біріктіру.
Есеп шоттарды зкономикалық мазмұны бойынша топтастыру кезенде есеп шотта не есепке алынғаны, яғни нақты есеп шотта есепке алынатын объект белгіленеді. Оларда есеп шоттардың орналасуы мен шаруашылық операцияларының есепке алыну тәртібін есеп шоттарды олардың құрылымы мен міндеттері бойынша саралау көрсетеді. Есепшоттың құрылымын (құрылуын) есеп шот бойынша айналыс (дебет немесе кредит бойынша) сипаттайды. Мысалы, есеп шоттар (міндеттері) қызметтері әртүрлі болған жағдайда (мүлік құрамының немесе оның көздерінің өзгеріу есебі, шығындарды немесе өткізілген өнімдер нәтижелерін есепке алу, табысты немесе шығынды анықтау және т.б.) олардың құрылымы да әртүрлі болады.
Похожие статьи