6.1. Құжаттар ұғымы мен түсінігі.
Бухгалтерлік есеп қатаң түрде құжатты болып табылады. Құжаттардың араласуы әрбір шаруашылық операция есепте көрсетілген және дәлелдік күшке ие болады. Сондықтанда құжаттандыру кәсіпорынның жұмысы туралы деректердің объективтілігін қамтамасыз ететін бухгалтелік есеп әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Құжаттарсыз бухгалтерлік есеп те болуға тиіс емес.
Бухгалтерлік есепті жазуларға тиісті деңгейде толтырылған дәлелдеуші–айғақтық құжаттар негізі болады. Оларды толтыру тәртібін кәсіпорындардың бухгалтерлік есебіне құжаттар мен жазулар туралы стандарт ( аудит бойынша стандарттар ) белгілейді.
Бухгалтерлік құжат дегеніміз–шаруашылық операцияларының жасаған фактісін айғақтайтын жазбаша куәлік.
Бухгалтерлік құжаттардың негізгі міндеттері: шаруашылық операцияларын (активтерін) жазбаша түрде негіздеп, көрсетіу, бухгалтерлік жазулардың негізі мен көзі, шаруашылық операцияларына, олардың тиімділігіне бақылау жасау. Мұндай бақылауды операцияны жүргізер кезде жауапты адам (алдын-ала бақылау), ал құжаттарды өңдеу кезінде бухгалтеряның қызметкері, сондай–ақ құжаттардың аудиторлық тексерулер мен зерттеулер кезінде аудиторлар жүзеге асырады.
Бухгалтерлік құжат сыртқы формасы жағынан бланк сияқты, оған шаруашылық операцияларының мазмұны, оның жүргізілетін уақыты мен жері, натуралды көрсеткіштер, операцияның сомасы ж.б. жазылады. Құжаттар жазылған осынау және басқа да көптеген деректер оның құрамдас элементтері болып табылады, практикада реквизиттер деп аталады.
Әрбір шаруашылық операциясының өз ерекшеліктері болады, олар құжатта көрсетіледі. Алайда, құжаттардың да басқаларға ортақ жалпы элементтері болады: Шаруашылық операциясының сипатын көрсететін құжаттың атуы (счет–фактура, накладная, төлем сенімхаты, чек, касса ордері және т.б.); кәсіпорының атауы мен мекенжайы: операцияның жүргізілген жері; операцияны жүргізуге қатысушы жақтарды көрсету; құжаттың толтырылған күні мен нөмірі; шаруашылық операциясының қысқаша мазмұндамасы; натуралды және ақшалай өлшемдер; материалдық және әкімшілік жауапкершілік жүктелетін адамдардың қолы.
Электронды есептеу машинасы қолданылған жағдайда, бухгалтерлік жазуларға негіз болатын құжаттарда компьютерлік есеп талаптарына сәйкесетін тәртіп бойынша орналасқан қажетті реквизиттер болуға тиіс.
Құжаттарды толтыруға да белгілі бір талаптар қойылады: Олар нақты, түсінікті, әрі ақпараты дәл болуы керек. Құжатқа түсірілетін жазулар сиямен, машинкамен немесе басқа да жазу құралдарымен жүргізіледі, бірақ реквизиттер сол құжатты толтыру талаптарына сай болуға тиіс. Жазуларды жәй қарындашпен жүргізуге, жазуды өшіруге, түзетуге, сомалар мен мәтінді өзгертуге жол берілмейді, мұның соңы қателікке соқтыруы ықтимал.
Кассалық кіріс пен шығыс құжаттары кәсіпорында, ұйымдарға және субъектілерде кассалық операциялар жүргізу туралы Ережелер бекіткен тәртіпке сәйкес толтырылады. Банк құжаттарын толтыру тәртібін ҚР Ұлттық банкінің ережелері белгілейді.
Құжаттардан кеткен қателер (кассалық және банктіктен басқалары) қате соманы немесе мәтінді сызып тастап, оның үстінен дұрыс жазу арқылы түзетіледі. Қатені бір ғана сызықпен сызады, өйткені ол көрнікті тұруға тиіс. Түзетілген қате туралы ескертпе жазылып, сол құжатқа қол қоюшы адамның қолымен куәландырылады.
Кассалық кіріс пен шығыс ордерлеріне түзету енгізуге болмайды. Банк құжатарына түзету енгізу тәртібін ҚР Ұлттық банк ережелері белгілейді.
Похожие статьи