6.5. Түйін.
Құжаттар алғашқы есеп ақпараты қызметін атқарады, соның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
Құжаттау–мүліктері (активтерді) міндеттемелерді және шаруашылық операцияларын бухгалтерлік құжаттармен тіркеу тәсілі. Құжаттау-бұл кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметі туралы ақпараттағыны, ол кәсіпорынға басшылық жасауға және экономикалық пайда нәтижелерін ағамдағы бақылау жасауға , сондай –ақ сыртқы және ішкі инвесторлық қызметін бақылауға кеңінен пайдаланылады.
Кәсіпорындардағы құжаттардың тізімімен сақтау мерзімі, сондай–ақ оларды архивке тапсыру тәртібі республиканың Бас архив басқармасы арнаулы нұсқаумен бекітеді (СБУ 24), онда қандай құжаттың архивке беріліп, қандай белгілі бір мерзімнен кейін кәсіпорынның өзінде жойылатыны белгіленген.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің дұрыстығы қамтамасыз ету үшін кәсіпорын архивтері мен қаржылық міндеттемелірне инвентаризация жүргізеді, соның барысында олардың түгелдігі, жағдайы мен бағасы құжаттар бойынша тексеріледі.
Похожие статьи