7.1. Есеп регистрі және олардың түрлері.
Біздер бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ақпараттық құжаттандыру болып табылатының білдік.
Алайда, құжаттарда шаруашылық операцияларының тек жекелеген түрлері ғана тіркеледі. Шаруашылық қызмет туралы қажетті көрсеткіштер мен жекелеген құжаттардағы операциялар туралы мәліметтер алу мақсатында оларды экономикалық мазмұнына сәйкес топтастырып, тіркеу қажет, яғни белгілі бір жүйе бойынша жазып отыру қажет.
Мұндай тіркеу есептік регистрлер көмегімен жүзеге асырылады. Ол соған қоса құжаттардың сақталуына бақылауды және ондағы деректердің тиісті көрсетілгенін қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есеп практикасында экономикалық топтастыру мен ағымдағы есеп жүзеге асырылатын барлық есепшоттар тікелей есептік регистрлерде жүргізіледі. Демек, есептік регистрлер онда есепшоттардағы жазбаларды көрсету құралы ретінде пайдаланылады. Яғни бухгалтерлік есепшоттар деректері синтетикалық және аналитикалық есептік регистрлерде көрініс табады. (Ордердің
Бас кітабы мен журналы). Осыдан бары есептік регистрлер есепшоттардың құрылуы мен жүйесі принциптерінің және ондағы еселенген жазу талаптарына жауап беруге тиіс.
Есептік регистрлердің қатаң түрде белгіленген құрылымы, реквизиттері болады, осылардың жиынтығы олардың әрқайсысының формасын анықтайды. Бухгалтерлік есеп практикасында көптеген әралуан регистрлер қолданылады. Оның көптігі түрлі құрлымдар мен міндеттеріне байланысты.
Барлық есептік регистрлерді мынадай белгілер бойынша төрт топқа бөлген тиімді.
- Сыртқы түрі бойынша.
- Қорытындылау дәрежесі бойынша (құрам ауқымы бойынша).
- Жазбалардың міндетері мен сипаты бойынша;
- Формасы бойынша.
Сыртқы түрі бойынша есептік регистрлер:
- Бухгалтерлік кітаптар.
- Карточкалар.
- Еркін парақтар болып бөлінеді.
Ктітаптар (журналдар) арнаулы графаларға бөлінген шығын кітапшалық парақтар. Бухгалтерлік кітаптардың барлық беттері (парақтары) нөмірленіп, түптелуі керек. Соңғы беттің сыртына бас бухгалтердің (немесе басқа да өкілетті адамның) қолынан кейін. «Бұл кітапта барлығы ....... бет (парақ) нөмірленген » деп жазылады.
Мысалы, қазіргі уақытта кітап түріндегі регистрлер кассалық операцияларды есепке алу үшін де қолданылады.
Кітап қалың болған жағдайда және оған тіркелген түрлі объектілер өте көп болса, онда мазмұны беріледі, ал қажетті жағдайда объектілер тізімі алфавиттік тәртіп бойынша беріледі. Кітап әр жылдың басында сол жыл мерзімін арнап ашылады.
Карточкалар–бұл қатты қағаздағы жеке таблицалар. Олар көбінесе аналитикалық есеп регистірлері ретінде қолданылады, картотекада сақталады. Картотека ашылар кезде оларды арнаулы регистрге тіркейді.
Еркін парақшалар–белгілі бір түрде графаларға бөлінген, шаруашылық операцияларын жазып отыруға арналған таблицалар. Бас парақшалар түрінде таблицалар журнал–ордерлер, машинограмма және магниттік ведомстер жүргізу үшін пайдаланылады. Регистрлерді графаларға беру (кітаптарды, карточкаларды, бас парақшаларды) олардың міндеттеріне, бухгалтерлік есеп формасына байланысты.
Мазмұн ауқымына қарай есептік регистрлер синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері болып бөлінеді. Олар өздеріндегі мәліметтердің түгел толықтық дәрежесіне, Сондай–ақ көрсеткіштерінің топтасуына қарай ерекшеленеді.
Синтетикалық регистрлердің құрылымы бухгалтерлік есеп формасына, ал көптеген аналитикалық регистрлердің құрылымы оларда көрініс табатын және олардан алынатын көрсеткіштердің сипатына байланысты.
Әрбір аналитикалық есептік регистр онда тіркелетін шаруашылық операцияларының өздеріне тән барлық ерекшеліктерін көрсетуге тиіс. Сондықтан онда: операцияның қосымша мазмұны, құжатқа сүйену, басқа да реквизиттер көрсетіледі. Аналитикалық регистрлер деректерін сыртқы және ішкі инвесторлар, басқа да ақпарат пайдаланушылар кеңінен пайдаланады.
Топтасу принцпіне немесе жазулардың жүйелілігіне қарай бухгалтерлік есеп регистрлері хронологиялы, жүйелі және құрыстырмалы болып бөлінеді.
Хронологиялық регистрлер белгілі бір шаруашылық операцияларының орындалу уақытына байланысты оларды мазмұнына қарамай–ақ, хронологиялық сабақтастығы бойынша жазып отыруға арналған. Мұндай тіркеудің міндеті шаруашылық операцияларының бәрін бірін де қалдырмай дер уақытында толық көрсетіп отыруға күнделікті бақылау жасау. Хронологиялы регистрге бұрындыры айтылған тіркеу журналдары мысалы бола алады. Онда шаруашылық операциялары мен оларды негіздеуші құжаттар уақыттың календарлық жүйесі бойынша көрсетіледі.
Синтетикалық регистрлер белгілі бір уақыттағы біртекті шаруашылық операцияларын белгілі бір топтарда жазып отыруға арналған (мысалы, бір ай ішінде). Мұндай тіркеу шаруашылық құралдар мен олардың құрылу көздерінің жекелеген түрлерінің жағдайы мен қозғалысын бақылып отыруға мүмкіндік береді. Ал жүйелі регистрлерге Бас кітап жатады. Онда тиісті есепшоттардың жыл ішіндегі журнал–ордерлерінен айналыстар топтастырылады.
Құрастырмалы регистрлер шаруашылық операцияларын хронологиялық және жүйелі тәртіп бойынша бір мезгілде жазып отыру үшін икемделінген.
Есепті журнал–ордер формасында жүргізген кезде аналитикалық және синтетикалық есеп көбінесе жазудың бірыңғай жүйесі міндетіне ауысады. Атап айтқанда, 671 «Өнім тапсырушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» журнал– ордер есеп шоты бойынша өнім тапсырушылардың әрқайсысымен жеке есеп айырысу туралы аналитикалық деректерге қоса осы айырысуларды 671 «Өнім тапсырушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» синтетикалық есеп шоты шегінде синтетикалық қорытындылау да береді.
Похожие статьи