7.3. Бухгалтерлік есеп формасы.
Бухгалтерлік есептің жүргізілуі түрлі жүйеліктегі есептік регистрлердің барлық түрлерін және оларға жазудың әралуан әдістерін пайдалануды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп формасы–бұл есептік регистрлердің жалпы құрлымдық қалпы, оларға түсірілетін жазулардың техникасы мен жүйелелігі бойынша біріктірілген әралуан түрлерінің жиынтығы.
Регистрлердің құрылымы, олардың арасындағы өзара байланыс, орындалу техникасы–бухгалтерлік есеп формасының ерекшеліктерін білдіретін белгілер міне осылар.
Бухгалтерлік есептің ең бірнші формасы барынша қарапайым болған. Жасалынған операциялар туралы бүкіл деректерді кәсіпорын иесі ең әуелі қойын кітапшасына жазып отырған, осыдан олар хронологиялық регистр–журналға түсірілген, онда сондай–ақ есеп шоттар қатынас қағаздары да көрсетіліп отырылған. Журналдағы мәліметтер жүйелі регистр–Бас кітапқа көшіріледі, онда әрбір құралдардың (активтердің) нақты түрімен көздеріне жеке есепшоттар ашылады (мысалы, ұнның, қанттың есеп шоты, өнім тапсырушының есеп шоты және т.б.). Бас кітап негізінде қажеттілігіне қарай баланс құрылған.
Қазіргі уақытта мемориальдық–ордерлік журнал неғұрлым кең таралған. Бухгалтерлік есептің мемориальдық–ордерлік формасының мәнісі мынада: бастапқы немесе құрамалы (жинақтаушы) құжаттар негізінде мемориальдық ордерлер құрылып, оларда жазудың қысқаша мазмұны, операция санасы және есеп шоттардың қатынас қағаздары келтіріледі (табл. 7.3.1.).
Кесте. 7.3.1.
Мемориальдық ордердің үлгісі.
№ 139 мемориальдық ордер |
Негіздеме (құжаттқа сілтеме
немесе жазудың мазмұны) |
Есепшоттың
Дебеті бойынша |
Есепшоттың
Кредиті бойынша |
Теңге Бойынша
сома |
---- жылғы желтоқсандағы есеп
айырысу төлем ведомосі негізінде
жұмысшылар мен қызметшілерге
еңбек ақы есептеледі. |
|
|
|
| Негізгі өндіріс жұмысшыларына |
900 |
681 |
36 200 |
| Қосалқы өндіріс жұмысшыларына |
920 |
681 |
21 70 |
| Әкімшілік–басқару қызметкерлеріне |
821 |
681 |
3020 |
| Сауда қызметкеріне |
811 |
681 |
860 |
Жиынтығы:
31 желтоқсан 200- жыл
Бас бухгалтер
Д. Көкшалова
Қосымша 4 парақ |
|
|
|
Мемориальдық ордерлер тікелей құжаттардың өзінде толтырылуы ықтимал, ол үшін оған арнаулы штамы таңбасын түсіреді, немесе баспахана бланктерінің формасында ерекше орын бөледі. Барлық жағдайда мемориальдық ордер құжаттарға еріп жүреді, одан соң олар тіркеулі журналға жазылады.
Тіркеу журналының формасында мемориальдық журналдың рет нөмірі, уақыты мен жазылған жазулардың жалпы сомасы болады. Тіркеу журналы енгізу мемориальдық ордерлерде көрініс тапқан операциялар сомасын синтетикалық есепшоттар бойынша жазулар жиынтығымен салыстыруға, сондай–ақ ордерлер мен құжаттардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.
20–жылғы желтоқсан айындағы тіркеу журналы.
| Мемориальдық ордерлердің рет нөмірі |
Мемориальдық
ордер уақыты |
Қатынас қағазды есепшоттар |
Мемориальдық ордерлердің теңге бойынша схемасы |
| Дебет бойынша |
Кредит бойынша |
| 001 |
02 |
201 |
671 |
246 989 |
| 049 |
13 |
900 |
201 |
30 481 |
| 139 |
31 |
900.811.920. |
681 |
42 250 |
| 158 және т.б. |
31 |
441 |
702 |
210 675 |
| Желтоқсан бойынша жиынтығы |
|
|
|
9886734 |
Мемориальдық ордерлердің деректері тексеруден өткеннен кейін Бас кітапқа бірінші реттегі синтетикалық есеп шот бойынша құрылған синтетикалық есептің негізгі регистріне тіркеледі. Әрбір есеп шоттың дебеті мен кредиті бойынша мемориальдық ордерлердің уақыты мен нөмірі, қатынас қағаздары есеп шоттар бойынша сома мен олардың жиынтығы көрсетіледі.
Бухгалтерияда бірдей уақытта аналитикалық есеп регистрлерінде де жазу жүргізіледі, ал ай аяқталғаннан кейін аналитикалық есеп шот бойынша айналмалы ведомость құрылады. Аналитикалық есептің әрбір айналмалы ведомосі бойынша жиынтық деректер синтетикалық есеп шоттар бойынша айналмалы ведомостің тиісті көрсеткіштерімен сәйкес келуге тиіс. Өз кезендегі синтетикалық есеп айналмалы ведомосі бойынша дебет пен кредит жиынтығы тіркеу журналы бойынша жиынтыққа тең болуға тисті.
Есептің мемориальдық–ордерлері формасы жағдайындағы жұмыс жүйелілігі 7.3.3. схемадан көріне алады.
Схеме. 7.3.3.
Похожие статьи