7.4. Түйін.
Есептік регистрлер көмегімен шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысын бақылау үшін керекті ақпарат алу қамтамасыз етіледі. Екіншіден шаруашылық операцияларын белгілі бір жүйемен экономикалық топтастыру мен тіркеу жүзеге асырылады, олар шаруашылық қызметке талдау мен жедел басшылық жасау үшін пайдаланылады. Басқарудың қазіргі заманғы жағдайында, яғни жедел басшылық мәселесі ең ықпалды басқару әдісі болып тұрғында есептік регистрлер деректері кәсіпорындар мен ұйымдардың (шаруашылық субъектілерінің) шаруашылық қызметінде дер уақытында, әрі толық көрсетуге тиіс.
Есеп формасы есептік регистрлер арасындағы байланысты (белгілейді) анықтайды, сондай–ақ іс–қимыл ретіндегі бастапқы деректермен байланысты анықтайды. Демек, есеп формасы бастапқы деректерді өңдеу мен оларды есептік регистрлерге жазу тәсілдері мен жүйелілігін қалыптастырады.
Регистр дегеніміз-әр алуан түрдегі таблицалар, оларға бастапқы құжаттардан деректер жазылады.
Ендіше, есептің кез–келген формасы әр алуан есептік регистрлердің жиынтығынан құралады, оларды 4 белгісі бойынша бөлуге болады:
- міндеттері бойынша;
- жазу мазмұны бойынша;
- сыртқы түрі бойынша;
- графаларға бөлу сипаты бойынша;
Похожие статьи