а) Өндіріс шығындарын есепке алу.
Өндіріс шығындарын есепеу алу үшін бухгалтерлік есептеудің шоттарынын бас жоспарында субъектілердің қаржы шаруашылық есептеріне «Өндіріс шығындарының» шотындағы тарауларында бөлімшелер қарастырылған:
- негізгі өндіріс;
- меншікті өндірісінің ішінара өңделген материалы;
- көмекші өндіріс;
- жөнелту шығындары;
- өндірістегі ақау;
Көмекші шоттарының дебеті бойынша «Жөнелту шығындарынан» басқа шығын элементтері: материалдар, өндірісі шығындарының жалақысы, жалақыдан аудару, жөнелту шығындары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жоғарыда келтірілген бөлімшелерде шығарылған өнімнің нақты өздік құны, ішінара өңделген материалдар, көмекші өнімдер, өндіріс ақаулары мен аяқталмаған өндіріс құндары жазылады.
«Жөнелту шығындары» шотының дебетінде шығын элементтері бойынша төмендегідей жазулар жазылады.
- матералдар;
- жұмыскерлердің жалақысы;
- жалақыдан аударылатын аударылым;
- негізгі құрал–жабдықты жөндеу;
- негізгі құрал–жабдықтардың тозу мен материалдық емес активтердің өтімі;
- каммуналдық қызмет көрсету;
- бөгде;
Жанама шығындарды талдаудан белгілі болғандай, жөнелту шығындарын пайда болған уақытында өнімнің белгілі бір түріне жатқызуға болмайтындықтан есеп беру мерзімі ішінде анықталған алымдарды жеке шотта жинақтау қажеттілігі тұрады.
«Меншікті өндірістің ішінара өңделген материалы» «Көмекші өндіріс» шоттарының бөлімшелері, негізгі өндірістің технологиялық процестері осындай бөлімшелерді қажет етсе ғана қолданылады.
«Өндірістегі ақау» шотының бөлімшесі шығарылған дайын өнімнің сапасынан ауытқу байқалған кезде қолданылады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген бөлімшелер есепберу мерзімі ішіндегі ақпаратты қорытындылайды. Ол аяқталмағаннан кейін бұл шоттардың мәліметтері негізгі өндіріс шотының бөлімшесінде жойылады.
Есепберу мерзімінің соңында «Негізгі өндіріс» шоты барлық тікелей және жанама шығындары туралы ақпаратты қорытындылап, «Негізгі өндіріс» шотының кредитінде, «Дайын өнім» шотының дебетіне дайын өнімнің нақты өндірістік өздік құн сомасының жою арқылы жабылады.
«Аяқталмаған өндіріс»-шотында толық технологиялық процестерден өтпеген материалдарға жататын материалдық шығындардың сомасы көрсетілген.
Осыдан мынадай қорытынды шығады. Өндіріс шоттарының есебі әрбір есеп беру мерзімінің соңында жабылады. Есеп беру методологияның салдары ретінде шоттар есеп беру мерзімінің басқада және соңында қалдыққа ие болмайды (қалдық қалмайды).
Өндіріс шығындары туралы есептің кеңейтілген мәліметтерін өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) тұтастай нақты өздік құнымен шығындар элементі, өздік құны өндірістің нақты көлемі туралы, мәліметтерді басқарушы қызметкерлерге береді. Осының барлығы субъектінің шаруашылық қызметінің қаржылық қорытындысына байланысты болады.
Енді шартты мысал бойынша өндіріс шығынын есептеу методологиясының ерекшелігін қарастырамыз.
Үшінші операция Жұмсалған матералдардың нақты өздік құны бойынша: өндірісте өнімнің «А» түрін шығаруға–4200 кг, сомасы 220836 теңге.
Өндірісте өнімнің «Б» түрін шығаруға–2000 кг, сомасы 101200 теңге.
..........................................................................................................................
Барлығы:
Завод басқармасының мұқтаждығына жұмсалған «Б» материалы 322036 теңге–100 кг,сомасы 5060 теңге.
Барлық материалдар 327096 теңге.
Материалдар негізгі өндірісте жұмсалады, кейбір жағдайларда шаруашылық мұқтаждығына да жұмсалады. Материалдар мен шикі заттары өндіріске қоймадан шығыс құжаттар арқылы ресімделеді. (алу –шектелімі, шығыс жөнелту т.б.)
Өндірісте және шаруашылық мұқтажда жұмсалған материалдар 20–шы бөлшектегі «Материалдар» шоттарына есепке алынады. Бұл шоттар барлық соммаға кредиттелініп өндіріс қорлары азайды да, «Өндіріс» шотты дебеттелініп «А» және «Б» өнімдер өндіруге жұмсалғаны байқалады; 93 бөлшектегі қосалқы шығындар шоты шаруашылық мұқтаждықтарға жұмсалған материалдар сомасына дебеттелінеді.
Үшінші операцияны жазу:
Дебет шотына негізгі өндіріс–322036 теңге.
Талдау шоттары: «А» және «Б» өнімдер.
Дебет шотына «Қосалқы шығындар»–5060 теңге.
Кредит шотында «Материалдар»–327096 теңге.
Осыдан соң жұмсалынған материалдарды өнім түрлеріне сәйкесті «А» және «Б» аналитикалық шоттарға таратылып әр қайсысына сомалары бөлек жазылып көрсетілулері қажет, яғни, ол: дебет шоты «А»–220836 теңге, және «Б» шотына–101200 теңге.
Егер матеиралдар мен шикізаттар сатылып алынған бағамен есепте болса, онда есеп беру мерзім ішінде жұмсалғандарыда сол бағамен көрсетіліп отырылады да, бірақ есеп айы аяқталсымен арнай есептелгенін тасу–дайындау шығындарының қандай көлем жұмсалынған материалдардың өзіндік құнына қосу керегі анықталынады.
Бұл өте қажет жағдай (мына 10.4.1. кесте үлгісін қара)
| № |
Көрсеткіштер |
Негізгі материалдар
Сатып алу баға құнымен |
Т.Д.Ш
сомасы |
Нақты құны |
| 1 |
Есеп мерзім қалдығы |
- |
- |
- |
| 2 |
Кіріс |
550 000 |
18 500 |
568 500 |
| 3 |
Барлығы |
550 000 |
18 500 |
568 500 |
| 4 |
Шығыс |
327 096 |
10988,41 |
338024,41 |
| 5 |
Есеп мерзімінің
Соңғы қалдығы |
272 096 |
9140,41 |
281176 |
Кестеге сәйкесті анықталған шығыс сомасы есепте былай жазылып көрсетілді.
Дебет шотына «Негзігі өндіріс»
Кредит шотына «Материалдар»–327096 теңге
Ал Т.Д.Ш. сомасы былай көрсетіледі.
Дебет шотына «Негізгі өндіріс»
Кредит шотына «Материалдар» (ДТШ) 10988,41 теңге.
Осыдан кейін аналитикалық шоттарға, яғни «А» және «Б» өнімдер түрлеріне ТДШ сомасы таратылып жазылады.
Похожие статьи