Қаңтар айында «Кассадағы қолма–қол ақша» есеп шотының кредиті бойынша журнал-ордер.
| Күні |
Есепшоттар дебетіне |
Кредит
бойынша
барлығы |
| |
Жолдағы
Аударыл-
ған ақша |
Қызметкер
лермен еңбек
ақы
бойынша
есеп айырысу |
Бюджетпен
өзге де
есеп айырысу
(әлеумент-тіксалықтар) |
Қызметкер-
лердің,өзге-
де адмар-
дың береше
гі |
Есеп айыр-
су
есеп
шотындағы
қолма–қол ақша |
| 02 |
96520 |
|
|
800 |
|
97320 |
| 03 |
108260 |
|
|
|
120 |
108380 |
| 04 |
112370 |
38150 |
2370 |
|
|
152890 |
| Ж.т.б |
................ |
....................... |
........................ |
........................ |
....................... |
................ |
| 31 |
110540 |
|
|
|
|
|
Бар
лығы |
2573570 |
79630 |
4580 |
3400 |
820 |
2662000 |
Таблицадан көрініп отырғанындай, журнал–ордер күн сайын белгілі бір түрдегі операциялар туралы жазулармен жүйелі түрде толығып отырады (бұл жағдайда субъектінің кассасынан төленген әр алуан ақша төлемдері туралы). Оның айлық жиынтығы жиынтық жолға қойылған соманы қандай есеп шотқа жазу керектігін көрсететін желілеу болып табылады, олар «Кассадағы қолма–қол ақша» есеп шоты кредитіндегі айналымды ашып көрсетеді.
Солай бола тұрса да, егер қарапайым желілеуді есептік формада схемаларын пайдалансақ әрбір есеп шотқа жеке–жеке түсірсек, онда бухгалтерлік есепті оқып–үйрену кезінде есеп шоттар қатынас қағаздары неғұрлым анығырақ көрінеді. Бухгалтерлік жазуды түсірудің мұндай формасы жоғарыда келтірілген мысалдарда пайдаланылды, оны одан әрі де пайдалана береміз.
Бухгалтерлік есеп шоттар мен баланстың өзара байланысын көрсету үшін бұрынғы операцияларымызға қайта ораламыз. Шартты түрде олармен осы кезең фактілері (оқиғалары) аяқталды деп есептеп, шоттарға жазылған жазуларды пайдалана отырып қаржы ресурстарының түпкілікті жағдайын анықтаймыз.
Бухгалтерлік шоттардың (Бас кітаптың) бүкіл кешені онда мынадай күйде көрінеді.
Похожие статьи