Өндіріс процессі кезінде міндетті түрде еңбек құралдары пайдаланылады. Олар өндіріс процессінде ұзақ уақыт пайдаланылады да оның тозуы кезіндегі құны жасалған өнім құнына енгізіледі. Осы өзгерістер бухгалтерлік есепте қалай есепке алынады. Бухгалтерлік есептің шоттарында қалай көрсету керек болады.
негізгі өндіріс жабдықтарының алғашқы (бастапқы) құны (№6 «Негізгі құрал жабдықтарды есепке алу» БЕС анықталған);
негізгі құрал–жабдықтар объектілерінің тозуына байланысты біртіндеп құнын азайту;
негізгі құрал–жабдықтар объектілерінің тозу құнының белгілі бір бөлігін жаңадан жасаған өнім құнына енгізу;
негізгі құрал–жабдықтардың тозу құнын өтімді (амортизация) құнына ай сайынғы нормасына (мөлшеріне) байланысты шығарып жазу.
№6 БЕС сәйкестігі негізгі құрал–жабдықтарды есепке алуда әртүрлі тәсілдерді қолдануға ұрықсат етіледі. Оларға: құнын біртіндеп жою, тездетіп (жылдамдатып) жою, құнын санының сомасы бойынша жою .тб. тәсілдері жатады.
Субъектінің таңдап алынған (амортизациясы) өтімді есептеу тәсілі есетеу саясатымен анықталып, бір есеп беру мерзімінің екінші есеп беру мерзіміне қарай біртіндеп қолданылуы қажет. Жетінші операция.
Техникалық құрал–жабдықтың тозуына есептелген өтелім 6 700 теңге.
Бұл операция шығынның көбейгенін көрсетеді. Бұл «Қосалқы шығындары» болғандықтан «А» және «Б» өнім түрлерінің бағаларына бірден қосылып көрсетілуі мүмкін емес, сондықтан: Жетінші операцияны жазу.
Дебет бойынша «Қосалқы шығындары»
Кредит шотында «Негізгі құрал–жабдықтың тозуы» 6 700 теңге;
Бухгалтерлік есепте жаңадан дайындалған өнімнің шығынына өндіріс құрал–жабдығының құнының белгілі өтімдік (амортизациялық) құны аударылады ол негізгі құрал-жабдық объектілерінің тозған бөлігін немесе қалпына келтіруге арналады (жұмсалады). Сегізінші операция.
Жұмсалған электроэнерия:
Өндірістік мұқтажға–5 700 теңге.
Басқару жолында–800 теңге. Сегізінші операцияны жазу.
Дебет бойынша «Қосалқы шығындары» 5 700 теңге;
Дебет шотында «Қосалқы және әкімшілік шығындар» 800 теңге;
Кредит «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» 6 500 теңге;
Жоғарыда көрсетілгендей қосалқы шығындарды пайда болған кезінде өнім түрінің өздік құнына кергізуге мүмкін болмайды. Сондықтан оларды жеке шоттар жеке есепке алып, әрі қарай бұйым түрлеріне таратып жазады.
Осы шығындар есеп беру айының ішінде «Жөнелту, жеткізу, жіберу шығындары» шотының бөлімшесінде есепке алынады. Тоғызыншы операция.
Жөнелту шығынына 29810 теңге жұмсалып және таратылған. Жөнелту шығындары, жөнелту шығындары шотының дебетінде жинақталып, «А» және «Б» бұйымдарына таратылады. Олар:
құрал–жабдықтың жұмыс жасау уақытына пропорционал
жұмсалған негізгі материалдардың құнына пропорционал
өндіріс жұмаскерлердің жалақысына пропорционал,
есептелінеді:
(10.4.2. кесте)
Өнім түрлері
Өндіріс шығындарына
Жұмсалатын жалақы
Меншікті
Үлесі %
Жөнелту
Шығындары
А
26 000
72,2
21522,82
Б
10 000
27,8
8287,18
Барлығы
36 000
29810
Тоғызыншы операцияны жазу.
Дебет шотында «Негізгі өндіріс»
Талдау шотында «А»-өнімінің өндірісі»–21522 теңге 82 тиын
Талдау шотында «Б»-өнімінің өндірісі»–8287 теңге 18 тиын
Кредит шотында «Қосалқы шығындар»-29810 теңге
Сонымен есептеу мәліметтері бойынша жөнелту жіберу шығындары «Негізгі өндіріс» шотының кредитынан өнім түрлеріне қарай талдау шоты бойынша жойылады.