Кіріспе - Бухгалтерлік есеп принциптері
«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып–үйрену экономистердің, бухгалтерлердің, аудиттердің, қаржыгерлердің, банкирлердің кәсіби дайындығы мен іскерлік сапаларын қалыптастыру үшін аса маңызды. Бұл пән бухгалтерлік есептің теориялық іргетасының бір бөлігі болып табылады, оны танып–білмейінше осынау мейілінше күрделі курсты игеріп, ұғыну мүмкін емес.
«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып–үйренудегі негізгі міндеттер мыналар:
- Бухгалтерлік есепті ғылым ретінде, кәсіпорынды табысты басқару үшін және одан сыртқары жерде іскерлік байланыс жасау үшін қажетті негізгі шынайы ақпарт көзі ретінде қарастыру;
- Нарыққа көшу жағдайындағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы туралы әдістемелік түсінік алу;
- Барлық кәсіпорындардағы, олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік формасына және ұйымдық– құқықтық формасы мен қызмет түрлеріне қарамастан, есеп процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін игеру;
- Бастапқы құжаттарды хаттамалау тәртібімен, бухгалтерлік есеп есеп шоттары жүйесімен, есепке алу ақпаратын өңдеу технологиясымен, есепке алу регистрлерімен және бухгалтерлік есеп формаларымен танысу.
Похожие статьи
|