«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есепшоты» бойынша айналым тізімі
Аналитикалық
есепшот
атауы |
Кезең басындағы
сальдо |
Еспеті кезеңдегі
айналымдар |
Кезңнің заңдылығы
Сальдо |
| Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
Жабдықтаушы:
« А »
« Б »
Барлығы............ |
|
7000
3000
12000 |
7000
8000
1000 |
-
-
- |
-
-
- |
6300
4700
11 000 |
Субъекті мен субъектінің және басқа да адамдармен өзара есеп айырысу қарым–қатынастарын есепке алып отыратын синтетикалық есептің кейбір есепшоттар бойынша кеңейтілген сальдо деп аталатын, яғни дебеті бойынша дебиторлық берешек және кредиті бойынша кредиторлық берешек пайда болу мүмкін.
Мұндай жағдайда екі жақты сальдо аналитикалық айналым тізімі бойынша анықталады және ең соңында синтетикалық есепшотқа ауыстырылады. Мұндай айналым тізімі мына теңдеу бойынша тексеріледі:
Бқ дебет+Да+Сқ кредит=Бқ кредит+Ка+Ск дебет
Келтірілген мысал синтетикалық және аналитикалық есепшоттар арасындағы айырмашылық пен үзіліс байланысты анық айғақтайды. Бұл айырмашылықтармен байланыстар сондай–ақ синтетикалық есеп шоттардың дебетіне немесе кредитіне жалпы сомада жазылған операциялар тиісті аналитикалық есеп шоттардың дәл сондай жақтарына бірдей уақытта жеке–жеке сомалармен жазылғанынан да көрінеді. Осыдан барып аналитикалық есеп шоттар бойынша жазулар сомасы олардағы синтетикалық есеп шоттардағы жазулар жиынтығымен теңдесуге тиіс.
Синтетикалық және аналитикалық есептердің көрсеткіштерін айналым тізімдерін жасау жолымен өзара салыстыру бухгалтерлік есеп шоттарына жазудың дұрыс жүргізілуін бақылауға мүмкіндік береді.
Есеп жұымстарын орындау процесі барысында операцияларды синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарға жазу кезінде, жиындықтарды есептеу кезінде, сальдоны шығарып, деректерді есеп шоттардан айналым тізімдеріне көшіру кезінде және сол айналым тізімдерінің өздерінде қате кетуі мүмкін.
Қатені жылдам табудың практикалық маңызы өте зор. Әдетте қатені жүйелілікпен іздестіруде «айналма жол» әдісі қолданылады, яғни есептеу жұмысының соңғы бөлігі бірінші бақыланылады. Есеп жұмысының тәжірибесінде бухгалтерлік жазулардағы қатені түзету үшін әртүрлі тәсілдер пайдаланылады. Солардың неғұрлым кең таралғандары: корректуралық тәсіл, қосымша жазу, қарапайым сторно, қызыл сторно.
Корректуралық тәсілдің мәнісі–қате сома көлденең сызықпен сызылады да (сызылған сөзді не цифрды оқитындай болу үшін), оның үстінен дұрыс жазылады. Түзетілген қатеге түзеткен адам қол қойып түсінік беруге тиіс. Қатені түзетудің бұл тәсілі екі рет жазу тәртібі бұзылмайтын жерде қолдануға болады.
Егер есеп шоттардың қатынас қағаздары дұрыс болып, бірақ дебеттеу мен кредиттеу қажетті сомадан кем жүргізілген болса, онда бухгалтерлік жазулардағы қатені түзетуге қосымша жазу жүргізіледі.
Егер қате жазу қатынас қағазды есеп шоттарды қозғайтын болса, ондай жағдайда қарапайым сторно жүргізіледі. («Сторно», «Шығару», «Кейін», дегенді білдіреді). Сторндаудың мәнісі мынадай: қатынас қағазды есеп шоттарға қатысы бар жазуларда қате кетсе, сол есепшоттың қарама–қарсы жағына қате жазуды теріске шығаратын керісінше жазу жазылады.
Қызыл сторно дегеніміз–қатынас қағазды есеп шоттар бойынша қате жазу кезінде түзету жазулары қате жазу жазылған жаққа жазылады. Түзету жазулары қызыл сиямен жазылады. Одан соң қызыл сиямен жазылған сома
(қызыл сторно) есеп шот жиынтығын шығарған кезде әдіттегідей қосылмайды, шығып қалады.
Қатені резинкамен өшіру, тазалау, цифрларды үстінен түзету жолдарымен түзетуге тиым салады.
Похожие статьи